Жиі қойылатын сұрақтар?

Жиі қойылатын сұрақтар?

Сұрақ

Тұрғын үй кезектілікке қалай тұруға болады?

Тұрғын үй қатынастары туралы заңының 68 бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы санаты болған жағдайда ХҚКО арқылы тұрғын кезегіне тіркелуге өтінім жіберуге болады

Тұрғын үй кезектілігін қалай білуге болады?

Жауап

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №168 бұйрығы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы, № 441 бұйрығына сәйкес  www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беріп, тұрғын үй кезегіне тіркелуіңіз қажет екендігін хабарлаймын.

Сұрақ

Бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды қалай білуге немесе көруге болады?

Жауап:

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, жұмыс беруші еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді enbek.kz электрондық еңбек биржасына орналастыруға міндетті.

Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді, enbek.kz электрондық еңбек биржасынан көруге болады.

Сұрақ

Грант алуға өтінім беру қалай жүргізіледі?

Жауап:

Business.enbek.kz порталында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға» өтінімдер қабылдау басталған уақытта өтінім беру үшін:

-  порталда тіркелу;

- «БастауБизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын аяқтау;

-  грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;

-  бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу;

-  өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.

Мемлекеттік грант 400 АЕК-ті құрайды және нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз негізде тек бір рет ғана беріледі.