
ШИЕЛІДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ЖӘНЕ «АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ
Бүгін Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орталық стадионда бірлік пен Тәуелсіздіктің нышаны – Республика күні және ырыс пен берекенің бастауы саналатын «Алтын күз – 2025» мерекесіне орай гала-концерт өтті.
Мерекелік кеш аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың құттықтау сөзімен басталды. Аудан басшысы барша жиылған жұртшылықты қос мейрам – Республика күні және «Алтын күз» мерекесімен шын жүректен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге тоқталды.
– “Биылғы жыл ауданымыз үшін табысты жыл болды. Еңбек адамдарының маңдай терімен, қажырлы еңбегімен ауданымыз барлық салада тұрақты өсімге қол жеткізді. Бұл – сіздердің бірліктеріңіздің, адал еңбектеріңіздің және туған жерге деген ықыластарыныздың нәтижесі,” – деді аудан басшысы өз сөзінде.
Салтанатты жиын барысында ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар сала үздіктері марапат төрінен көрінді. Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков еңбек озаттарына Қызылорда облысының күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының «Ыбырай Жахаев» атындағы төсбелгісін, сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хатын және аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады. Марапаттау рәсімінен кейін мерекелік шара гала-концертке ұласты.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі