Шиелі ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында жаңа кәсіпкерлік нысан өз жұмысын бастады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба - ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды бағдарлама.
Соңғы үш жыл ішінде Шиелі ауданында аталған жоба аясында жалпы құны 968,1 миллион теңгені құрайтын 135 жоба қаржыландырылды. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының жандануына, кәсіпкерлік нысандарының көбеюіне және жұмыссыздықтың азаюына ықпал етті.
Жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысан - тұрғындарға жаңа мүмкіндік, ал «Ауыл аманаты» жобасы ауыл болашағына берілген сенім мен тұрақты дамудың кепілі.