«Ұрпақтар жалғастырады» жалғыз басты ардагерлерге көмек көрсету акциясы ұйымдастырылып жатыр

«Ұрпақтар жалғастырады» жалғыз басты ардагерлерге көмек көрсету акциясы ұйымдастырылып жатыр
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет, сектор меңгерушісі Нурлан Бектибаев және бас маман Дана Сабырбай «Ардагерім – ардағым» жобасы аясында ауданымыздың тыл ардагері Жанұзақ Оспан Тәуекелұлы атамызға арнайы барып, құрмет көрсетті.
Оспан атамыздың Отан үшін жасаған ерен еңбегі – өскелең ұрпаққа үлгі. Бөлім басшысы тарапынан жылы лебіздер айтылып, алғыс білдіріліп, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. Бұл шара – ерлік иелеріне деген алғыс пен құрметтің белгісі.