ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Мемлекет басшысының және Үкіметтің байыпты бастамасымен аймақ басшысының қолдауымен соңғы жылдары өңірде спорттық инфрақұрылымдарды ілгертуге ерекше басымдық берілуде.

Сәйкесінше, биыл облыс орталығы мен аудандарда 10-ға жуық соңғы үлгідегі спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл спорт нысандары ауыл балаларының спортқа құлшынысын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен қолдау болады деп сенеміз.

Өткен жылы «Samruk- Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларының қолдау қорымен жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі «Үстел теннисі» орталығы ашылды.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласының сол жағалауында құны 20,9 млрд. теңгені құрайтын 11 мың орындық Жаңа стадионның іргетасы қаланды. Жаңа стадионда жасыл алаңнан бөлек, спорттың бірнеше түріне арналған спорт залдары қарастырылған. Атап айтқанда, бокс, күрес залдары, спорттық-гимнастика, ауыр атлетика, таеквондо және фитнес залдары қамтылады. Біздің болашақ чемпиондарымыз осы ғимаратта шынығып, еліміздің атын төрткүл дүниеге паш етеді деп сенеміз. Бірегей нысан осы жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

Биыл облыс орталығында құны 21 млрд теңгені құрайтын көпбейінді «Қызылорда арена» спорт кешенінің құрылысы басталатын болады. Бұл нысан әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге үлкен мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, жақында ғана Қазақстан Халқына қоғамдық қорының демеушілігімен Қызылорда қаласының сол жағалауында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Жаңа ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін спортпен шұғылдануына ыңғайлы етіп салынбақ.

Аймақ басшысының қолдауымен өңірдегі спорттық инфақұрылымдарды дамыту жоспары одан әрі жалғасып, биыл да бірнеше аудандарда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынатын болады.

Сыр спортына жасалған осындай ілкімді істердің арқасында осы жылдың 4 айында Сыр спортшылары Әлем Кубогынан 3 алтын, Азия чемпионатынан 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 67 алтын, 27 күміс, 34 қолаға қол жеткізді.