Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі жаңа «Достық үйі» бой көтереді

Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі жаңа «Достық үйі» бой көтереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз төртінші сессиясында сөйлеген сөзінде: «Былтыр еліміздің рухани және тарихи-мәдени ордасы – Түркістанда жаңа Достық үйі ашылды. Достық үйлері тағы бірнеше қала мен аудан орталығында ашылады деп жоспарлануда. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Біз қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейте беруіміз керек» - деген болатын.

Осы ретте, биылғы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында баршамыз үшін қуанышты жаңалық - Қызылорда қаласында құны 3 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын жаңадан «Достық үйі» салынуда.

Достық үйі - аймағымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысып келе жатқан этномәдени бірлестіктер мен барша Ассамблея белсенділерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін замануи ғимарат болады.

Ғимарат ішінде 200 орындық концерт залы, 2 конференц зал, облыста қызмет ететін этномәдени бірлестіктерге арналған кабинеттер жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, белсенді жастар мен үкіметтік емес ұйымдарға арналған зал жеке кабинеттер қарастырылған.

Жаңа нысан қаламыздағы көрікті жерлердің біріне айналып, сән беретіні анық.