«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі
1.1. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау.
1.2. Байқаудың міндеті – облыстық маңызы бар қалалар, аудан, қала, ауыл аумағындағы масс-медиада жарияланатын квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандарды, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілерді және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтарды ынталандыру.
2.1. Байқауды ұйымдастырушы – Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы.
2.2. Байқау жергілікті әкімдіктердің қолдауымен өткізіледі.
2.3. Байқау аясында қоғаммен, квазимемлекеттік сектормен, жергілікті кәсіпкерлік субъектілерімен (шағын, орта және ірі бизнес) байланыс орнатылады.
2.4. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2025 жылғы 1 сәуірге дейін жергілікті әкімдіктердің (облыс, қала, аудан, ауыл) интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
2.5. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
2.6. Қазылар алқасының құрамына бес адамнан тұратын филолог ғалымдар, қоғам белсенділері, журналистер кіреді.
2.7. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
2.8. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
2.9. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
3.1. Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
4.1. Ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:
4.2. жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар 2024 жылдың 1 қазанынан кейін әзірлеген және аударған жарнама мәтіндерінің тізбесін;
4.3. тауар өндіруші:
- өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;
- ғимараттта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткiшінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекi ақпараттың фотосуреттерін;
4.4. азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.
4.5. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы:
- 2025 жылғы 1 тамызға дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына тапсырылуы қажет.
4.6. Байқауға қатысқан квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар арасынан жеңімпаздарды анықтауы;
4.7. Жоғары тұрған органға жеңімпаз туралы мәліметті 13-тармақта көрсетілген мерзімде ұсынуы;
4.8. Облыстық, республикалық маңызы бар қала деңгейіндегі Байқау жеңімпаздары туралы мәліметтерді (қатысушының жеке куәлігі, жұмыс орнынан анықтама) және олардың жұмысын Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына 2025 жылғы 1 тамызға дейін ұсынуы қажет.
5.1. Басқармаға түскен материалдар республикалық байқауға қатысу үшін ұсынылатын болады.
Республикалық байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Байланыс телефондары: 8(7242) 60-53-15, 60-53-14.
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесіне қосымша
1-нысан. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауына қатысуға өтінім
Басшының қолы
Күні
2-нысан. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»облыстық байқауына қатысуға өтінім
Қолы
Күні