Қамшыбек Қоңқабаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері

Қамшыбек Қоңқабаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Жазғы Азия ойындарында бокстан +92 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлде иеленіп, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Қамшыбек алғашқы кездесуін бахрейндік боксшы Данис Латыповпен өткізіп, 5:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда үндістандық Нарендрді 5:0 есебімен ұтып, ақтық сынға жолдама алды. Алтын медаль үшін айқаста Токио Олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін Әлем чемпионы өзбекстандық Бахадүр Жалоловқа есе жіберіп, аса ауыр салмақта өнер көрсеткен боксшылар арасында екінші орынға тұрақтады.
Токио олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақ елінің мақтанышы Қамшыбек Қоңқабаев 2024 жылы Франция астанасы Парижде өтетін Олимпиадада көк туымызды көкке көтеретініне сенеміз.
Жерлесімізге сәттілік тілейміз!