«JAS.START» жүгіру марафоны ұйымдастырылды

«JAS.START» жүгіру марафоны ұйымдастырылды

Демеушілердің қолдауымен облыстық жастар ресурстық орталығы Қызылорда облысының 85 жылдығына орай «JAS.START» жүгіру марафонын ұйымдастырды.
Негізгі мақсаты - адамның денсаулығын жақсарту, аурудың алдын-алу және өмір сүру сапасын арттыру, бос уақытты және әлеуметтік қызметті ұтымды ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қатысушылар онлайн тіркеліп, 14-34 жас аралығындағы ниет білдірген 600 ерікті жас қатысты. Аймақ жастарымен қатар Татарстан Республикасының Казан қаласынан 1 жас, Орал қаласынан 1 жас, Шымкент, Тараз, Алматы облыстарынан 8 жас жарыста бақ сынады.
Жүгіру марафонының белгіленген қашықтығы 6,2км. Эдельвейс саяжайы қиылысынан бастап, Болашақ университетіне дейінгі аралықты қамтиды. Нәтижесінде, ерлер арасында жүлделі І орын - Тараз қаласының 2005 жылғы тұрғыны 086 нөмірлі қатысушы Кулыгин Ринат Александровичке бұйырса, жүлделі ІІ орын - Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының 1993 жылғы тұрғыны 098 нөмірлі қатысушысы Илясов Баубек иеленді, ал жүлделі ІІІ орын - Алматы қаласының 1998 жылғы тұрғыны 153 нөмерлі қатысушы Сексембай Нұрысбекке бұйырды.
Әйелдер арасында Шымкент қаласының 2006 жылғы тұрғыны 113 нөмірлі қатысушысы Досметова Сарвиноз жүлделі І орынды иеленсе, жүлделі ІІ, ІІІ орындар Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының 2009 жылғы тұрғындары, 127 және 128 нөмерлі қатысушылары Мырзашқызы Сымбат, Мырзашқызы Қымбат атты егіздерге бұйырды. Марафонға жүгірушілер арасында алғашқы жүздікке ілінген Қармақшы ауданының тұрғыны 120 нөмерлі қатысушы мүмкіндігі шектеулі ерекше жандардың бірі Егізбаев Бағдат «Үздік қатысушы» номинациясын иеленсе, Қызылорда қаласының тұрғындары 284 нөмерлі қатысушы Құрамыс Ерасыл, 229 нөмерлі Бахытұлы Азамат, 100 номерлі Амантай Айжарық, 155 нөмерлі Нағашыбек Айтолқын «Ең жас қатысушы» номинацияларымен марапатталды және қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
QazVolunteer.kz - Республиканский Фронт-офис волонтеров «Birgemiz».
Saulyq Life - жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау қозғалысы.