Кореямен білім саласындағы ынтымақтастық артады

Кореямен білім саласындағы ынтымақтастық артады

Корея Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі жанындағы Корея тарихы және мәдениет орталығының бас хатшысы Чонг Кёнгвон бастаған делегация Достық үйіне келді. Кездесуде тараптар ғылым, білім, мәдениет және тарих саласындағы үшжақты меморандумға қол қойды.

Кванджу қалалық білім басқармасының үшжақты меморандумын жасау үшін Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, "Қазақстан корейлер қауымдастығы" Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

Меморандум жасасу нәтижесінде аталған мекемелер ынтымақтастық білім, тарих, мәдениет, жалпы білім алмасу саласындағы жобаларды бірлесіп атқаруға мүдделі.

Атап айтқанда, серіктес елдің білім алмасу делегацияларының сапарларындағы, білім беру және стипендияларды басқару саласында Ақпарат және тәжірибе алмасу, оқу орындары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және екі жақтың да білім алуын дамытуға байланысты басқа салалардағы ынтымақтастық.

Мазмұнды кездесуде "Қоғамдық келісім" КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай, Қызылорда облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Ким Елена, Корея Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Корея тарихы және мәдениет орталығының бас хатшысы Чонг Кёнгвон және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ректорының міндетін атқарушы Нұрлан Оразбаев сөз сөйлеп, үшжақты қарым-қатынасты дамытуға белсенді түрде атсалысуға дайын екендерін жеткізді.

Айта кететіні, бұған дейін үстіміздегі жылдың тамыз айында Сыр өңірінің тарихы, мәдениетімен танысу ниетінде Оңтүстік Кореядан 100-ден аса студент, оқушылар келді. Олар өңірлік корей этномәдени бірлестігінің өкілдері және жастармен кездесіп, Корея және Қызылорда арасындағы үлкен дәрежедегі достықты, жан-жақты байланысты сөз етіп, облыстағы тарихи-мәдени орындармен танысқан болатын.