«Қазтелерадио» АҚ Қызылорда ОРТД басшысы Панабеков Бурабай Жаксылықұлын құрметті зейнет демалысына шығуына орай арнайы барып құттықтап, облыс әкімінің құрмет грамотасын табыстады.

«Қазтелерадио» АҚ Қызылорда ОРТД басшысы Панабеков Бурабай Жаксылықұлын құрметті зейнет демалысына шығуына орай арнайы барып құттықтап, облыс әкімінің құрмет грамотасын табыстады.

Бүгін басқарма басшысы Мира Жомартқызы «Қазтелерадио» АҚ Қызылорда ОРТД басшысы Панабеков Бурабай Жаксылықұлын құрметті зейнет демалысына шығуына орай арнайы барып құттықтап, облыс әкімінің құрмет грамотасын табыстады.
Бурабай Жақсылықұлы 41 жыл бойы үздіксіз байланыс саласында қызмет атқарған. Соның ішінде соңғы 11 жылын "Қазтелерадио" АҚ Қызылорда Облыстық Радиотелехабар Тарату Дирекциясы ұжымына арнап, 2012 жылдан осы уақытқа дейін аталған мекеменің директоры қызметін абыройлы атқарды.
Байланыс саласына сіңірген еңбегі үшін «Халық алғысы» медалі, «Үздік байланысшы» төсбелгісі және бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған.