Облыс әкімі инвестор тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік Кеңес отырысын өткізді

Облыс әкімі инвестор тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік Кеңес отырысын өткізді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен инвестор тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік Кеңес отырысы өтті. Жиынға әкім орынбасарлары, салалық басқарма басшылары мен бірқатар кәсіпорын басшылары қатысты.

Жиында екі мәселе қаралды. Алғашқысы - заманауи талаптарға сәйкес «Ибис» халықаралық брендімен Қызылорда қаласында қонақ үй құрылысының жобасын талқылау.

Алдағы уақытта Қызылорда қаласында "Өрлеу" құрылыс компаниясы ірі "Аccor" қонақ үй операторының халықаралық стандарттына сәйкес Ibis қонақ үйін салу жоспарлануда.

Ibis қонақ үйі желісі - француздық Accor қонақ үй корпорациясының қатарына кіреді. Ірі қонақ үйі кешенінің Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Семей, Қарағандыда, сондай-ақ, Азияда, Африкада, Еуропа мен Латын Америкасында 700-ден астам желісі бар.

Жиында «Өрлеу» құрылыс компаниясының директоры Данил Годзин қонақ үй салу жобасын таныстырып, сервистік қызметтің ерекшеліктерін атап өтті. Сондай-ақ, қонақ үй салу бағытында озық тәжірибені қолдану арқылы сапа стандарттары негізінде жұмыстың үйлесетінін жеткізді.