Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кездесу өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кездесу өтті

Биыл елімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шаралар басталып кетті. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімовамен кездесті.

Кездесуде мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын университет ұжымы мен студенттерге түсіндіру жұмысының маңыздылығы сөз болды.

Соңында Е. Уәйіс университет ректорына қызметінде шығармашылық табыстар тілеп, аталған бағытта бірлесіп жұмыс жасауға ұсыныс білдірді.