
«Қызылорда облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін
қайта атау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің және
Қызылорда облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімінің жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
(Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган атауы)
«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірлескен қаулы мен шешім жобасын әзірлеуші орган болып табылады.
(Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)
Бірлескен қаулы мен шешім жобасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын бірқатар әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы тарихи жер-су атауларымен өзгертіледі.
(Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат)
Жоба 2020 жылғы 17 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5501945) және Қызылорда облысы әкімдігінің ресми-сайтына (e-kyzylorda.gov.kz) орналастырылған.