
Қазалы ауданында Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында салынып жатқан спорт кешендерінің құрылысы қарқын алуда. Қазіргі таңда екі заманауи спорт кешенінің құрылысы толық аяқталып, оларды пайдалануға беру алдындағы соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Биыл қаңтар айында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 398,5 млн. теңгеге Бекарыстан би ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, аталған жоба аясында Әйтеке би кентіндегі «Мәдени-демалыс кешені» мен (Жоба құны 628,7 млн. теңге) мен Қожабақы (Жоба құны 537,1 млн. теңге) ауылынан спорт кешендерінің құрылысы жүргізіліп, жақын күндері пайдалануға берілетін болады.
Қазіргі уақытта екі нысанда да аумақты абаттандыру, ішкі және сыртқы әрлеу, сондай-ақ тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық дайындық аяқталған соң кешендер ел игілігіне пайдалануға беріледі.
Жаңа нысандардың іске қосылуы аудан тұрғындарының спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасап, салауатты өмір салтын насихаттауға серпін береді.