
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Тіл Quiz» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қызметкерлер арасында ұлттық рухты көтеру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және әріптестік байланысты нығайту.
Сайысқа облыстық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлерінен құралған 7 топ қатысып, өзара білім мен тапқырлықтарын сынады.
Қатысушылар 5 кезең бойынша сынға түсті:
Сайыс барысында командалар өздерінің білімі мен тапқырлығын, ұйымшылдығы мен жылдам ойлау қабілетін көрсетті.
Сайыс қорытындысымен жүлделі І орынды – облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының “Яксарт” тобы, ІІ орынды – Дін істері басқармасының “Рухтастар” тобы, ІІІ орынды – Экономика және қаржы басқармасының «Қаржы ордасы» тобы иеленді.
Ынталандыру сыйлықтарымен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Өнер қырандары» тобы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қамқорлық» тобы, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының «Монолит» тобы, Ветеринария басқармасының «Арғымақ» тобы марапатталды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының алғыс хаттары мен сертификаттары табысталды.