«Таза Қазақстан»: жас буынның жауапкершілігі күшеюде

«Таза Қазақстан»: жас буынның жауапкершілігі күшеюде

Бүгін Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы «Руханият» орталығында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында жастармен мазмұнды кездесу өтті.

«Таза Қазақстан – Таза болашақ кепілі» деп аталған бұл шара өскелең ұрпақтың экологиялық санасын оятуға және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Кездесуге экология белсенділері, еріктілер, жергілікті атқарушы орган өкілдері және студенттер қатысты. Шара барысында тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар эко-өмір салтын қалыптастырудың маңызы талқыланды.

Кездесу аясында қатысушыларға арнайы интерактивті тренингтер өткізіліп, қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың заманауи әдістері таныстырылды. Сонымен қатар, қаламызды көгалдандыру мен таза ұстау бойынша жастардың тың жобалары тыңдалды.

Жиын соңында «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсене атсалысып жүрген бірқатар жастар алғыс хаттармен марапатталды. Мұндай кездесулер тек науқандық сипатта қалмай, жүйелі түрде жалғасын таппақ.

 

#ТазаҚазақстан

#тұрақтыдаму

#экология

#TazaChallenge

#TazaQazaqstan