
Қазақстан Республикасы сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен және Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Этно Quiz» интеллектуалды сайысы өтті. Сайысқа «Ұлағат», «Ақиқат», «Ынтымақ», «Хан Тәңірі», «Алтын Орда» командалары өзара бақ сынасты.
Іс-шараны облыстық тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Ж.Ерекешова жүргізді. Қазақстан Республикасы сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Асанова Мөлдір Әбдіғаппарқызы алғысөз сөйлеп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Ұлттық құндылықты, мәдениет пен өркениетті, руханият пен ділді насихаттау, патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында өткізілген шараға Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қала және аудандардағы қызметкерлері қатысып, бекітілген Ережеге сәйкес «Той бастар» (Quiz time ), «Беташар» (Суреттер сөйлейді. Жұмбақ әуен), «Той тарқар» (Тұлғаны таны. Кино time) деп аталатын 3 кезең бойынша тапсырмалар орындады. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Хан Тәңірі» жеңімпаз деп танылды. Ал белсенділік танытқан «Ұлағат», «Ақиқат», «Ынтымақ», «Алтын орда» командалары Алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушы командаға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының баспасөз қызметі