«ЭКОЛОГИЯНЫ САҚТАУ-ЗАҢМЕН БЕ, САНА СЕЗІММЕН БЕ?» ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

«ЭКОЛОГИЯНЫ САҚТАУ-ЗАҢМЕН БЕ, САНА СЕЗІММЕН БЕ?» ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

2026 жылғы 23 ақпанда Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектепте оқушылар арасында «Экологияны сақтау – заңмен бе, сана-сезіммен бе?» тақырыбында пікірсайыс өтті.

Пікірсайыс «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында мектептің өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен ұйымдастырылды.

Пікірсайысқа мектеп оқушыларынан құралған 2 фракция қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары жөнінде өз ұстанымдарын дәлелдер арқылы қорғады. Бір топ табиғатты қорғауда заң талаптарының маңызына басымдық берсе, екінші топ экологиялық жауапкершілік ең алдымен жеке сана-сезім мен тәрбиеден басталатынын алға тартты.

Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың сыни ойлау, пікір айту және дәлелдеу дағдыларын дамыту болды.

Қатысушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау, ресурстарды үнемді пайдалану және экологиялық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша мазмұнды ойларымен бөлісті.

 

#ТазаҚазақстан

#тұрақтыдаму

#экология

#TazaChallenge

#TazaQazaqstan