«Таза Қазақстан»: Қызылордада студенттерге арналған экологиялық ашық сабақ өтті

«Таза Қазақстан»: Қызылордада студенттерге арналған  экологиялық ашық сабақ өтті

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Біз бірге – тазалық пен өркендеу үшін!» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, су ресурстарын тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейту болды.
Студенттерге табиғат адамзаттың өмір сүретін және еңбек ететін ортасы екенін түсіндіру, туған жер табиғатына жанашырлық танытуға және оны қорғауға тәрбиелеу басты назарға алынды.
Шара барысында студенттерге экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған арнайы видеороликтер көрсетіліп, викториналар ұйымдастырылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық жобасы тек ұран емес, экомәдениетті қалыптастыруға және жарқын болашаққа апарар жол екендігі талқыланып, студенттерге кеңінен түсіндірілді.
Алдағы уақытта білім беру ұйымдары «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында ауқымды іс-шараларды өткізіп, білім алушылардың экомәдениетін дамытуға өз үлесін қосуды жалғастырады.
Айта кетейік, атаулы республикалық экологиялық бағдарлама аясында өңірдің барлық елді мекендерінде санитарлық тазарту, аббаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге тазалық шараларына барлығы 500 мыңнан аса еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Нәтижесімен 21 мың тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 510 скверлер мен парктер, 256 тарихи-мәдени ескерткіштер, 1019 әлеуметтік нысандар (мектептер, бала-бақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 3943 өнеркәсіп және бизнес нысандары,
332 су объектілері (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б), мен 45 894 көшелердің бойы (7 124 көп қабатты үйлер мен 38 770 жер үйлердің аулалары) тазартылды. Оған 540-тан аса техника жұмылдырылды.
Жыл басынан облыс бойынша 255 500 дана өңірдің климатына сәйкес жерсінетін қарағаш, терек және сырталының көшеттері егілді.