ОБЛЫСТЫҚ ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ!

ОБЛЫСТЫҚ ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ!
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында «Жайдарман» ойындарының облыстық фестивалі өткізілді.
Аталған шараның мақсаты — жастардың заңға деген құрметін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және салауатты көзқарас қалыптастыру.
Жарысқа облыстың әр өңірінен іріктелген 15 команда қатысып, үш топқа бөлініп өзара сайысты. Қатысушылар тапқырлық, әзіл, сахналық мәдениет пен азаматтық позицияларын көрсете білді.
ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН 9 КОМАНДА:
- «Сапа» — еркін құрама
- «AMG» — Айым өнер орталығы
- «Мәншүк жастары» — М.Мәметова атындағы ҚПЖК
- «Матриархат» — Қорқыт ата атындағы ҚУ
- «Арбаттың бойы» — И.Әбдікәрімов атындағы ҚПЖК
- «Болашақ құрамасы» — Болашақ университеті
- «3/3 құрамасы» — Жалағаш ауданы
- «Дарын» — Арал аудандық оқушылар үйі
- «Бренд» — Қорқыт ата атындағы ҚУ
 Ойынға қолдау білдірген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне және «Ауыл» партиясының облыстық филиалына алғысымызды білдіреміз!
Жартылай финал тартысты әрі әсерлі боларына сенім мол! Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!