«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығында «Таза ел - жарқын болашақ: жастардың экологиялық мәдениеті» атты ашық форматтағы кездесу ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты - жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақты табиғатты аялауға жұмылдыру.

Кездесуге қала жастары, еріктілер, студенттер және белсенді азаматтар қатысты. Басқосу барысында қоғамдағы экологиялық мінез-құлық қалыптастыру, жасыл аймақтарды көбейту, экотуризмді дамыту және пластик қалдықтарын азайтуға бағытталған бастамалар жан-жақты талқыланды.

Спикерлер қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Жорабек Медет пен «Жастар Рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймұрза өз сөздерінде табиғатты қорғау - тек экологиялық міндет емес, ол әр азаматтың мемлекет пен болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышы екенін атап өтті.

Жастар тарапынан экологиялық мәдениетті дамыту жөнінде ұсыныстар айтылып, қалада көгалдандыру жұмыстары, сенбіліктер мен экологиялық акциялар ұйымдастыру бойынша ортақ жоспар жасалды.

Кездесу соңында қатысушылар табиғатты қорғау - ортақ жауапкершілік екенін ерекше атап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірлесіп атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.

 

 

#ТазаҚазақстан

#тұрақтыдаму

#экология

#TazaChallenge

#TazaQazaqstan