«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАТЫН АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАТЫН АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданында экологиялық жағдайды жақсарту, халыққа жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және заманауи демалыс инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтсақ, биыл пайдалануға берілген Қазалы мәдени-демалыс кешені аудан тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналды.

Кешен аумағында «Құрметті азаматтар» тақтасы, «Хан тағы», ротонда, пергола, фонтан, шахмат және теннис үстелдері, жарықтандыру жүйелері, велосипед жолақтары, «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі», «Ғашықтар» аллеялары, спорттық алаңдар және балалар ойын алаңдары орнатылған.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен мейрамханалар, тамақтану орындары, аквапарк, аттракциондар, картинг, батут сынды демалыс және ойын-сауық нысандары келушілерге қызметтер көрсетуде.

Кешен аумағын көгалдандыру аясында 20 мыңға жуық ағаш көшеттері – қарағай, аққайың, туя, катальпа, үйеңкі және жеміс ағаштары отырғызылды.

Бұдан бөлек, аудан орталығында халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Орталық алаң, «Руханият» орталығы алдындағы сквер сынды нысандар толық абаттандырылды. Жаңа фонтан, брусчаткалар, балалар және тренажер алаңдары орнатылып, ауданның сәулеттік келбеті жаңа деңгейге көтерілді.

Биыл сәуір айында тарихи маңызы бар, 120 жылдық Қазалы теміржол вокзалына «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ қаржыландыруымен күрделі жөндеу жұмыстары бастау алды. Жоба аясында ғимарат іргетасы мен қабырғалары нығайтылып, шатыр, есік-терезелер толық жаңартылып, жолаушыларға арналған күту залдары заманауи стандарттарға сай жабдықталады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділік элементтері мен қауіпсіздік жүйелері орнатылады. Сонымен қатар, вокзал маңын көгалдандыру және брусчатка төсеу жұмыстары да қарастырылған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын.

Жалпы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында өңірдің барлық елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Бүгінгі күнге тазалық шараларына барлығы 190 мыңнан аса (191 663) еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Нәтижесімен 8 мың тонна (8 125) астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 471 скверлер мен парктер, 221 тарихи-мәдени ескерткіштер, 998 әлеуметтік нысандар (мектептер, бала-бақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 2 820 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 35 су объектілері (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б),  мен 23 124 көшелердің бойы (4 025 көп қабатты үйлер мен 19 099 жер үйлердің аулалары) тазартылды. Оған 540-тан аса техника (545) жұмылдырылды.

Жыл басынан облыс бойынша 240 700 дана өңірдің климатына сәйкес жерсінетін қарағаш, терек және сырталының көшеттері егілді.

 

 

 

#ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму

#экология #TazaChallenge

@TazaQazaqstan