Қызылорда облысының бірқатар аудандарында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында жалпыхалықтық сенбіліктер өтті

Қызылорда облысының бірқатар аудандарында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында жалпыхалықтық сенбіліктер өтті

Бүгін Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында Арал ауданындағы Қамыстыбас көлінің жағасына, Жалағаш кентінің Ілияс Қабылов атындағы саябағына және Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің «Тағзым», «Орталық» алаңдарына жалпыхалықтық сенбіліктер ұйымдастырылды.

Аудан орталықтары мен елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа қамқорлық көрсету, таза ортада өмір сүру принциптерін бала тәрбиесінен бастап үйрету мақсатында ұйымдастырылған ауқымды тазалық жұмыстарына ауданның қоғам белсенділері, жастар ұйымдары, еріктілер және тұрғындар белсене араласты.

Бүгінгі күні облыс көлемінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған экологиялық жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Жыл басынан бері 6008 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 443 сквер мен саябақ, 203 тарихи және мәдени ескерткіш, 936 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, спорттық, медициналық және басқа нысандар), 2583 өндірістік және шаруашылық нысан, 35 су объектісі (өзендер, көлдер, жасанды су қоймалары, фонтандар, арықтар және басқалары), 18 585 аула мен көше тазартылды. Осы жұмыстар үшін 508 бірлік техника жұмылдырылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері аталған іс-шараларға 166 400 ерікті, қоғам қайраткері, бюджеттік сала және кәсіпорын қызметкері қатысты.

«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

 

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan