2025 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы бір мезгілде өтеді!

2025 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы бір мезгілде өтеді!

Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, Сіздерге заң тұрғысынан көмектесетін болады.

Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!

Қызылорда қаласында акция өтетін мекен-жай: Қазыбек би көшесі №21 А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйі.

Басталуы 2025 жылғы 30 мамыр күні сағат 17:00 Кіру тегін!

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.