Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Инженерлі-технологиялық институтының «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының студенттері Қызылорда облысы бойынша экология департаменті зертханалық – талдамалы бақылау бөлімінің зертханасына экскурсия жүргізді.
Бүгінде Департаменттің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан «ГАЗ-27057-758» маркалы автокөлігінде орнатылған жылжымалы экологиялық лаборатория қолданысқа берілген.
Зертхана қазіргі заманға сай жаңартылған заманауи құралдармен жабдықталған. (Спектрофотометр ПЭ-5400УФ, Метеометр МЭС-200А, Газоанализатор OPTIMA, Портативный кондуктометр АНИОН-7051, Газоанализатор «Полар ExT», Газоанализатор Автотест-01, Спектрофотометр DR-3900HACH, Газоанализатор ГАНГ-4, Дозиметры-радиометр ДКС-96, МЕТА-01МП 0.2 Т).
Студенттерге сынама алу тәртібі, оларға талдау жүргізу жұмыстарына кеңінен тоқталып, түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Искаков Алмас Илиясұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Инженерлі-технологиялық институтының «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» БББ-ның «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттерімен кездесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Экологиялық сағат» өткізді.
Іс-шараға университеттің аталған институт эдвайзері Кужамбердиева Светлана Жүргенбайқызы қатысты. Кездесу барысында экологиялық мәселелер қозғалып, экологиялық мәдениетті арттыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, жастардың экологиялық акцияларға қатысу секілді маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша өз ойларымен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша, студенттер экологиялық жобаларға волонтер ретінде қатысуға және «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға әзір екенін білдірді.
Облыста көгалдандыру жұмыстары аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Акция соңында департамент қызметкерлері «Тал егу» жұмыстарын жүргізді.
Айта кету керек, санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары облыстың барлық елді мекендерінде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан бері аталған іс-шараларға 110 226 ерікті, қоғам қайраткері, бюджеттік сала және кәсіпорын қызметкері қатысты.
Нәтижесінде 3 897 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 373 сквер мен саябақ, 152 тарихи және мәдени ескерткіш, 1520 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, спорттық, медициналық және басқа нысандар), 732 өндірістік және шаруашылық нысан, 322 су объектісі (өзендер, көлдер, жасанды су қоймалары, фонтандар, арықтар және басқалары), 3467 аула мен көше тазартылды. Осы жұмыстар үшін 929 бірлік техника жұмылдырылды.
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының 2 ардагері тұрады. Қазалы және Сырдария аудандарының дәрігерлері қос қарияның денсаулығын үнемі бақылап отырады. Бүгін ардагердің үйіне ақ халаттылар арнайы барып, медициналық тексерістен өткізді. Ардагерлер медицина саласы қызметкерлеріне алғыстарын айтып, ақ батасын берді.
Ұлы Отан соғысының ардагері Тасыров Яхия 1922 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы, Қараөзек елді мекенінде дүниеге келген.
Ташкенттегі тоқымашылар оқуын оқып, 1940 жылы тоқыма фабрикасына мастердің көмекшісі болып жұмысқа орналасқан. 1941 жылдың аяғында Ташкент облысы Фрунзе аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскерге алынған. Омбы қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылдың қазан айында майданға жіберілген. Соғыс жылдарында Сталинградты, Курскіні, Барановты, Польшаны жаудан азат етуге қатысқан. Данцинг портында аяғынан ауыр жараланды. Соғысты Германияда аяқтап, 1945 жылы қыркүйек айында елге оралған. «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ұлы Отан соғысы» І, ІІ-дәрежелі ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», Ұлы Жеңістің 40, 50, 60 жылдығы медальдарымен марапатталған.
Сырдария ауданының «Құрметті азаматы», ардақты ардагер жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ауданда өткізілетін барлық іс-шараларға қатысып, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиелі болуына өз үлесін қосып келеді.
Ұлы Отан соғысының ардагері Тобабергенұлы Тілеуберген 1924 жылы Қазалы ауданы, Жамбыл колхозында дүниеге келген. 1942 жылы Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылған бозбала Ташкент қаласында әскери дайындықтан өтеді. Мәскеу іргесіндегі Смоленск қаласына әскери эшелонмен келіп, 150-зеңбіректі атқыштар полкінде қолына қару ұстап, майдан даласындағы ұрыстарға қатысқан. Бір жылдан кейін 291-атқыштар полкі құрамына жіберіліп, Белоруссияны, Польшаны, Чехословакияны, Кинигсберг, Калининград қалаларын жаудан азат етуге қатысты. Маршал Г.Жуков басшылық ететін 158 гвардиялық полктің 28-ші автомат ротасы сапында Отан алдындағы борышын өтеп, бірнеше рет батылдығымен көзге түсті.
Қатардағы жауынгер 1945 жылдың 9 мамырында Ұлы Жеңіс күнін Берлин қаласында қарсы алып, соғыстан кейін неміс-фашист басқыншыларының тұтқынға алынған жауынгерлерін күзетуге қалдырылған. Туған жерге 1947 жылғы тамыз айының аяғында елге оралғаннан бастап зейнет жасына дейін теміржол саласында абыройлы қызмет еткен.
Қарт майдангер І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Берлинді азат еткені үшін», 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін», «Жуков» медалімен, «Беларуссияның неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеніне - 60 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін», «СССР Қарулы Күштеріне–70 жыл» және Ұлы Жеңістің 20,25,30,40,50,60,65 жылдығы, «Еңбек ардагері», «Астанаға –10 жыл» медальдарымен марапатталған. «Қазалы ауданының құрметті азаматы».
Атап өту керек, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жылдығына орай облыста бірқатар іс шаралар аталып өтеді.
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі
1.1. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау.
1.2. Байқаудың міндеті – облыстық маңызы бар қалалар, аудан, қала, ауыл аумағындағы масс-медиада жарияланатын квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандарды, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілерді және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтарды ынталандыру.
2.1. Байқауды ұйымдастырушы – Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы.
2.2. Байқау жергілікті әкімдіктердің қолдауымен өткізіледі.
2.3. Байқау аясында қоғаммен, квазимемлекеттік сектормен, жергілікті кәсіпкерлік субъектілерімен (шағын, орта және ірі бизнес) байланыс орнатылады.
2.4. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2025 жылғы 1 сәуірге дейін жергілікті әкімдіктердің (облыс, қала, аудан, ауыл) интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
2.5. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
2.6. Қазылар алқасының құрамына бес адамнан тұратын филолог ғалымдар, қоғам белсенділері, журналистер кіреді.
2.7. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
2.8. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
2.9. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
3.1. Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
4.1. Ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:
4.2. жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар 2024 жылдың 1 қазанынан кейін әзірлеген және аударған жарнама мәтіндерінің тізбесін;
4.3. тауар өндіруші:
- өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;
- ғимараттта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткiшінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекi ақпараттың фотосуреттерін;
4.4. азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.
4.5. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы:
- 2025 жылғы 1 тамызға дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына тапсырылуы қажет.
4.6. Байқауға қатысқан квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар арасынан жеңімпаздарды анықтауы;
4.7. Жоғары тұрған органға жеңімпаз туралы мәліметті 13-тармақта көрсетілген мерзімде ұсынуы;
4.8. Облыстық, республикалық маңызы бар қала деңгейіндегі Байқау жеңімпаздары туралы мәліметтерді (қатысушының жеке куәлігі, жұмыс орнынан анықтама) және олардың жұмысын Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына 2025 жылғы 1 тамызға дейін ұсынуы қажет.
5.1. Басқармаға түскен материалдар республикалық байқауға қатысу үшін ұсынылатын болады.
Республикалық байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Байланыс телефондары: 8(7242) 60-53-15, 60-53-14.
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесіне қосымша
1-нысан. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауына қатысуға өтінім
Басшының қолы
Күні
2-нысан. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»облыстық байқауына қатысуға өтінім
Қолы
Күні
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының 2025 жылғы 1 сәуіріндегі №02-05/33 бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары - ҚХА хатшылығының меңгерушісі лауазымына Қамбаров Артур Раушанбекұлы тағайындалды.
Артур Раушанбекұлы 1985 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.
2002-2006 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері», 2009-2011 жылдары Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде инспектор ретінде бастаған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау жасалатындығын хабарлайды.
Жария талқылау Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі №1 мекен жайдағы ғимараттың 3 қабатында орналасқан «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болатындығы жеткізіледі.
Сонымен қатар, Басқарманың сенім телефонына 8(7242) 60-53-20 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
13 наурызда Арал ауданының жастар ресурстық орталығында "Эко-волонтерлік: жасыл болашаққа қадам" тақырыбында жастармен кездесу өтті. Аудандық қоғамдық даму бөлімінің өкілі Т. Кикбаевтың айтуынша, "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына ауданның жастары белсенді қатысуда.
– Кездесудің мақсаты жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыру болды, - дейді «AMANAT» партиясының аудандық филиалының маманы Асхат Алдабергенов. – Бұл шара олардың табиғатты қорғауға және экологиялық бастамаларға белсене қатысуына түрткі болар деген ойдамын.
Осы күні Арал аудандық оқушылар үйінде "Табиғатқа ұқыпты қарау – біздің басты міндетіміз" үйірмесінің мүшелерімен экологиялық сағат өтті. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл іс-шара адамның табиғатқа деген қамқорлығын оятуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің өкілдері атап өткендей, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндірудің маңызы зор.
Кездесу барысында аудандық оқушылар үйінің директоры Қанат Маханбетов сөз сөйлеп, жиналғандарға негізгі экологиялық талаптарды түсіндіріп, оларды қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға және басқалардан да осындай қатынасты талап етуге шақырды.
2025 жылғы 13 наурызда Қазалы ауданының Айтеке би елді мекеніндегі Примов көшесінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар автокөлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен «Көктемгі көшет» атты ағаш отырғызу акциясы өтті. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, оның мақсаты – жастар арасында табиғатқа деген жауапкершілікті оятып, оны күтіп-баптаудың маңыздылығын еске түсіріп, жасыл желектерді көбейту қажеттілігін насихаттау.
- Мұндай іс-шаралар бүгінде Қазақстанның барлық халқы бұрын айтылмаған мәселеге бет бұрған кезде өте маңызды, - деді Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Әлиев.
– Сондықтан экологиялық акцияға жастардың көбірек қатысуы қуантады.
Айта кету керек, санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары облыстың барлық елді мекендерінде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан бері аталған іс-шараларға 24 379 ерікті, қоғам қайраткері, бюджеттік сала және кәсіпорын қызметкері қатысты.
Нәтижесінде 1 551 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 167 сквер мен саябақ, 58 тарихи және мәдени ескерткіш, 484 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, спорттық, медициналық және басқа нысандар), 201 өндірістік және шаруашылық нысан, 322 су объектісі (өзендер, көлдер, жасанды су қоймалары, фонтандар, арықтар және басқалары), 1 653 аула мен көше тазартылды. Осы жұмыстар үшін 220 бірлік техника жұмылдырылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық жобасы елімізде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған ауқымды іс-шара.
Аталған жоба Қызылорда облысында кеңінен қолдау тауып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Елді мекендердің тұрғындары, қоғамдық қызметкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартуға атсалысуда. Сонымен қатар тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Көшеттер отырғызылып, ағаштар әктелді.
Жасыл аймақтарды көбейту және тазалықты сақтау бағытында жергілікті мекемелер белсенді түрде еңбек етуде. “Жасыл Қызылорда” мекемесінің мамандары Қызылорда қаласындағы Н.Назарбаев даңғылы бойында жасыл желектерді күтіп-баптап, көктемгі егу жұмыстарына қызу дайындалуда. Қазіргі таңда топырақтың құнарлылығын арттыру үшін арнайы көңмен байытылған құм төселіп жатыр. Бұл іс-шаралар егілетін өсімдіктердің жақсы өсуіне және қала экожүйесінің жақсаруына ықпал етеді. Жақын арада бұл аумаққа мекеменің жылыжайында бапталған көпжылдық гүлдер отырғызылмақ. Сондай-ақ, қала көлемінде арық жүйелерін тазалау және көгалдарды күтіп-баптау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде.
Тазалық жұмыстарына “Қызылорда тазалығы” мекемесі де белсене атсалысып, көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыс жинау, абаттандыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтарына таза әрі жайлы орта қалыптастыру мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып, шаһар аумағы абаттандырылуда.
Қала аумағында ұйымдастырылған сенбілікке барлығы 24 мекемеден 218 адам қатысып, 20 техника (7 арнайы қоқыс жинайтын техника, 4 трактор, 5 камаз, 4 жүк тиегіш) жұмылдырылды. Нәтижесімен орталық полигонға 120м3 қоқыс шығарылды.
Сырдария ауданы тұрғындары да сенбіліктер ұйымдастырып, жоғары белсенділік танытты. Осылайша «Таза Қазақстан» жобасы аудан орталығы Тереңөзек кентінде жалғасын тапты.
Сырдария ауданы тұрғындарының демалыс орнына айналған «Орталық саябақ», «Тағзым» алаңы, орталық алаңдағы кіші архитектуралық формалар, кент көшелері мен арықтары тазалану жұмыстары жүргізілді. Жаңаша өзгеріп жатқан «Тағзым» алаңындағы арықтар қайта қазылды. Экологиялық жобасы жалпы 500-ден аса адам және 6 техника қатысып, 36 текше метр қоқыс шығарылды.
Айта кету керек, облыс бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы басталғаннан бері облыстың 730 000-ға жуық тұрғыны қатысты. 27 000 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 505 сквер мен саябақ, 225 тарихи мәдениет ескерткішінің аумағы, 791 әлеуметтік нысан, 4596 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 322 су нысаны, 47 451 аула мен көше тазартылды.
«Таза Қазақстан» жобасына қатысу арқылы әрбір азамат өз аумағын таза ұстап, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге үлес қосады. Бұл шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатты қорғауға бағытталған маңызды қадам.
Бағдарламаның маңыздылығы аудандық, ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары мен студенттер арасында кеңінен насихатталуда.
Мысалы, Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінде аудан студенттері үшін «Туған жерімізді таза ұстайық!» атты экологиялық сағат ұйымдастырылды. Оқу орнының директоры Бауыржан Сейдулланың айтуынша, мұндай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор.
Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылдан бастап «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда. Оған Қармақшы ауданының жастары да белсене қатысуда. Біздің жігіттер мен қыздарымыз қоғамдық орындарды қоқыстан тазалап, ардагерлердің ауласын жинауға көмектеседі, ағаштар отырғызады. Бағдарлама арқылы біз жас ұрпаққа экологиялық мәдениет, туған жерімізге деген жауапкершілікті қалыптастырудамыз”- деп атап өтті колледж директоры С.Сейдулла.
Бүгін Қармақшы аудандық мектептерде де «Экология балалар көзімен» тақырыбында сурет байқауы өтуде. Ең үздік жұмыстар мектеп көрмелерінде ұсынылады.
«Мұндай іс-шаралар балаларда табиғатқа деген қамқорлық, еңбекқорлық, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді» - дейді Т.Комекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің директоры Гүлзира Еркебаева – «Балалар сыныптарды жинауға, қоқысты тазалауға және мектеп ауласында ағаштар отырғызуға қуана қатысады. Экологиялық тәрбиеге бағытталған ашық сабақтар мен сынып сағаттары біздің балалармен жұмыс істеуде маңызды бағыттардың бірі болып табылады».
Бүгін «Біз - таза аймақ үшін» бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының орталығында да орталық алаң мен «Тағзым» аллеясын санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Оған мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысуда.
Сонымен қатар, Жалағаш кентінде «Ардагерлерді ардақтайық» кезекті акциясын жастар ресурстық орталығының белсенділері ұйымдастырды.
«Біз үшін ауыл тұрғындарына, оның ішінде тыл ардагерлеріне, зейнеткерлерге, жалғызбасты қарттарға көмек көрсету дәстүрге айналды, Біз олардың аулаларын қоқыстардан тазартамыз, ағаштарды ағартамыз, үйлерін тазалаймыз. Ақсақалдар әрдайым біздің жақсы істерімізге алғысын айтып, ақ баталарын береді. Бұл біз үшін ең жоғары марапат. Өйткені, «Таза Қазақстан» - бұл біздің көшелеріміз бен аулаларымыздың тазалығы ғана емес, ең алдымен бұл біздің жүрегіміз бен іс-әрекеттеріміздің тазалығы мен мейірімділігі» - дейді орталық басшысы Асхат Ахметжанов.
Айта кету керек, облыс бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы басталғаннан бері облыстың 730 000-ға жуық тұрғыны қатысты. 27 000 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 505 сквер мен саябақ, 225 тарихи мәдениет ескерткішінің аумағы, 791 әлеуметтік нысан, 4596 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 322 су нысаны, 47 451 аула мен көше тазартылды.
🗓️«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды.
❇️Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса алады. Олар – халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер.
❇️«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.
❇️Байқау 10 номинация бойынша өтеді:
«Әдебиет»,
«Ғылым»,
«Дизайн және бейнелеу өнері»,
«Журналистика»,
«Классикалық музыка»,
«Креативті бастамалар»,
«Спорт»,
«Театр және кино»,
«Эстрада»,
«Халық шығармашылығы».
Креативті бастамаларға – ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы бағытында, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қайырымдылық, волонтерлік қызмет салаларындағы жастардың жетістіктері жатады.
❇️«Дарын» жастар сыйлығына үміткерлерді мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.
Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.
Жыл сайын сыйлықты табыстау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі.
«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы дарынды жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызмет, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалған. Содан бері аталған сыйлықты түрлі саладағы 340-тан астам азамат иеленді.
📌Конкурсқа қатысуға құжаттар 2024 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқада) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылдайды. Ал электрондық нұсқаны premiya.daryn@mki.gov.kz поштасына жолдауға болады. Байланыс номерлері: 8(7172) 74-05-25, 8(7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54.
📍Ережелермен толығырақ келесі сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/721958?lang=kk