Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау бөлімі бойынша 2023 жылдың IІІ тоқсанында атқарылған жұмыс туралы
17 октября 2023

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

2023 жылға арналған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленіп бекітілді.

Күнтізбелік жоспар 311 тармақтан тұрады. Оның ішінде, қоғамдық-саяси маңызды оқиғалар, республика көлемінде аталып өтілетін атаулы даталар, Қызылорда облысынан шыққан азаматтардың мерейтойлары мен өңірдің тарихи-мәдени және идеологиялық мазмұнын айшықтайтын шаралар бар.

Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына және «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 34 жыл толуына орай еске алу митингілері мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай өңірдегі азаматтық қоғам өкілдері мен ҮЕҰ жетекшілерінің басқосуы және облыстық Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай басқарма басшысы А. Есмаханов аймақтағы ҮЕҰ белсенділері мен БАҚ саласындағы нәзік жандыларды қабылдап, мерекемен құттықтады.

7 сәуір күні Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күніне арналған митинг өткізілді.

 Шарада облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, Ардагерлер одағының Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың РҚБ-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы М.Орынбайұлы сөйлеп, арманда кеткен арыстар аруағы алдында бас иіп, құрбан болған әскерилердің рухына Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойды.

13 сәурде мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің
125 жылдық мерейтойына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «Ұлт руханияты және Т. Жүргенов мұрасы: жасампаздығы мен зерттелу кеңістігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, ҚР ҰҒА академиктері, зиялы қауым өкілдері, мемлекет қайраткерлері, сонымен бірге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Халықаралық «TURKSOY» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев қатысты.

Конференция барысында Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» кітабының тұсаукесері өтті. Романда Темірбек Жүргеновтің өмір жолы, өскен ортасы, ел игілігін көздеген жанқиярлық еңбегі, қуғын-сүргінге түскен отбасының ахуалы суреттелген.

26 сәуір – Чернобыль апаты зардабының салдарын жою күніне арналған митинг өтті. Қатысушылар құрбан болған азаматтардың рухына Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойды.

24 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №1 оқу ғимаратында «Қазақ-жоңғар соғыстары: батырлар институтының ролі» атты дөңгелек үстел өтті.

25 мамырда облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов «Невада – Семей» ҚБ-нің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлының 70 жас  мерейтойымен құттықтады. Мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің құттықтауы табысталды.

29 мамырда Достық үйі ғимаратында «ХХ ғасырдың басындағы саяси қуғын – сүргін: зерттелуі және өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Шараға онлайн байланыс арқылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы, Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрмаханова Жанат Жанашқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит Әнешұлы, университеттің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Талғат Жолдасұлы, «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ директорының орынбасары Алтынбаева Жанат Олжабайқызы қатысып баяндама жасады.

Бұдан бөлек,  ҮЕҰ-ды қолдау бағытында ресустық орталық толықтай материалдық-техникалық қамтамасыз етілді. ҮЕҰ-дардың https://npo-kyzylorda.kz/public/login сайты ашылды. Қалалық және аудандардағы 68 ҮЕҰ-ның өкілдеріне кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетілді. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен облыс бойынша белсенді және белсенді емес ҮЕҰ-дың мәлеметтік базасы ұсынылды. ҮЕҰ жұмысын белсенді етуге бағытталған ақпараттық-әдістемелік құрал әзірленді.

Мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қоғам институттарымен өзара ынтымақтастықты арттыру бағытында адам құқықтары жөнінде Қызылорда облысы бойынша өкілі Д. Шәріпбаев, облыстық әділет департаментінің басшысы И. Бакишева, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қ. Бекшин, Қызылорда облысы бойынша Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Полиция полковнигі Ш. Амитов, Қызылорда облысының ветеринария басқармасының басшысы Ш. Қойшыбаев, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Е. Сүлейменов ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Ақпан-мамыр айлары аралығында Қызылорда қаласы мен барлық аудан орталығында  ҮЕҰ-дардың басшыларына арналған көшпелі оқыту семинары өткізілді.

Мемлекеттік әлеуметтік жобалар

2023 жылға облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 142 жобаға 1 млрд. 139 млн. 232 мың теңге қаржы қаралған.Оның ішінде, облыстық қоғамдық даму басқармасы арқылы 25 жобаға 318 млн. 598 мың теңге қаржы бөлінді.

Халықты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларымен қамту бойынша.

2023 жылдың 9 айында 1 300 түрлі форматтағы шаралар өткізіліп, оларға 257 578 адам қатысты. Бұл облыс халқының 30.9% құрайды. Аталмыш жұмыстардың индикаторы 2023 жылға 62% құраса, өңірдегі тұрғындардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қамтылуы жыл соңына дейін 65% құрайды деген жоспар бар.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларымен қамту бойынша 2023 жылдың индикаторында 516 790 адам деп белгіленген. 9 айдың қорытындысымен 257 578 адам қамтылды. Жыл соңына дейін 516 790 адамды қамту жоспарлануда.

Меценаттар салған және жөндеген объектілер бойынша.

2023 жылға нысаналы индикатор бойынша 25 нысан салынып, жөндеуден өтілуі қажет. Ағымдағы жылдың 9 айында жоспар бойынша 9 нысан салынып, 36%-ға орындалды.

Меценаттар тарапынан жөнделіп, қайта салынған 9 нысанның жалпы қаржысы 1 млрд. 370 млн. 500 мың теңгені құрады.

БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жөніндегі бөлім бойынша 2023 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыс туралы
17 октября 2023

2023 жылғы ІІІ тоқсан есебі

 Облыстың медиа кеңістігінде 148 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда.

«Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алаңында 2023 жылдың басынан бері 264 брифинг (оның 188-і жоспардан тыс) өткізіліп, БАҚ өкілдерімен  50 баспасөз туры және көшпелі брифинг ұйымдастырылды.

«Qazaqstan-Qyzylorda» және «ҚоғамТВ» телеарналарында Қызылорда облысының 85 жылдығына арналған «85 жылдың келбеті» атты арнайы айдар ашылып, аймақтың жетістіктері мен атқарылған жұмыстарын кеңінен таратуға бағытталған ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

2023 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметі бойынша 1 086 734,0 мың теңге бөлінген.

Интернет сайттармен жұмыстар

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Ашық диалог» egov.kz порталында Қызылорда облысы әкімінің қатысумен онлайн режимінде түрлі тақырыптарда интернет-конференциялар ұйымдастырылады. Жыл басынан бері 10 интернет-конференция және 8 сауалнама жоспарланып, ұйымдастырылды. Интернет-конференцияда 40 сұрақ келіп түсіп, барлығына онлайн режимде уақытылы жауап берілді.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында республикалық және жергілікті  16 интернет сайтпен жұмыс жасалып келеді. Интернет-порталдарға күнделікті облыстағы имидждік бағыттағы жаңалықтар орналастырылады.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі
Жастармен жұмыс жасау бөлімі бойынша 2023 жылдың I жартыжылғында атқарылған жұмыс туралы
20 июля 2023

Жастар саясаты

Статистикалық мәліметтерге сәйкес аймақта Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 35 жас аралығындағы 249 059                               (2022 ж. – 176 985 жас) жас есепке алынып, жалпы халықтың 30,1%-ын құрады.

Анықтама ретінде: Оның ішінде 106 713 (42,9%) – қала жастары, 142 346 (57,1%) - ауыл жастары.

2023 жылдың I тоқсанының қорытындысымен жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,5%-ды (5230 жас) құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіште төмендеу бар (2022 ж. 4,0 %).

Аймақта NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытындағы жұмыстарға негізгі басымдылық берілген.

2023 жылдың I тоқсанының қорытындысымен бұл санаттағы жастардың үлесі 7,7%-ды (17 515) құрады (2022 ж. - 7,8%). Өңірлер арасында 10-шы сатыда.

Ағымдағы жыл басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан Қызылорда облысы бойынша NEET санатындағы                11 297 жастың тізімі ұсынылған болатын.

Осыған орай, тізімде көрсетілген жастардың әлеуметтік санатын нақтылау мақсатында облыс көлемінде адрестік жұмыстар қайта қолға алынды.

Нәтижесінде, NEET санатындағы 11297 жас (100%-ы) бойынша мәліметтер «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Жастарды дамыту мен қолдауға 2023 жылға жергілікті бюджеттен
646,0 млн.теңге (2022 ж. 488,6 млн. теңге); оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 32 жобаға (2022 жылы – 20 жоба) 225,6 млн. теңге
(2022 жылы – 180,2 млн. теңге), облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындарына (еңбек ақылары және өзге де төлемдер) 420,4 млн. теңге бөлінді.

Облыс көлемінде жастармен жұмыстарды 10 «Жастар ресурстық орталығы» үйлестіруде. Орталықтарда барлығы 146 маман қызмет жасайды.

Есепті кезеңде мүдделі органдармен бірлесе отырып, жастарды жан-жақты қолдау және әлеуметтендіру бағытында 1192 шара ұйымдастырылып, 48 мыңға жуық жас қатыстырылды. Кеңес алғандар жастардың саны – 9690.

Бүгінде Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен 7 ауданда өңірлік фронт-офистер құрылған. Фронт-офистерге ресми түрде 35-тен астам волонтерлік топтар мен 1 838 волонтер тіркелген.

2023 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша волонтерлер фронт-офисінің ұйымдастыруымен 84 шара  ұйымдастырылып, оған                  2000-ға жуық волонтер тартылды.

Жастардың негізгі көрсеткіштерін жақсарту, жастарды қолдау мақсатындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін облыстық қоғамдық даму басқармасына 2023 жылға 190,6 млн. теңге қаржы қарастырылды. Көрсетілген қаржыға 7 әлеуметтік маңызды жастар жобалары жүзеге асырылып, жастардың барлық санаттарын қолдау шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар, өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Сыр жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы» әзірленіп, облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының шешімімен бекітілді.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен
1 200,0 млн.теңге, «Отбасы банк» АҚ тарапынан 500 млн.теңге қаржы қосымша қарастырылды.

2023 жыл соңына дейін бағдарлама аясында 100 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда.

 

 

 

 

БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімі
БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жөніндегі бөлім бойынша 2023 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыс туралы
20 июля 2023

2023 жылғы І жартыжылдық есебі

Облыстың медиа кеңістігінде 148 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда.

Өңірлік коммуникациялар қызметі айқындықты, нақтылықты, ашықтықты қамтамасыз ете отырып, қоғамды біріктіретін ақпарат алаңына айналды. Ондағы 180 баспасөз конференциясының барлығы тікелей эфирден өтті. Жалпы брифингтің 30-46 шұғыл түрде ұйымдастырылды. Ал баспасөз конференциясына қатысқан 9217 спикер туындаған сауалдарға жауап беріп, мәселенің мән-жайына қанықтырды. Бұған қоса, республикалық және жергілікті БАҚ-қа 732  ақпарат жарияланды. Сондай- ақ 5 баспасөз туры ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Ашығын айтсақ...» , «Нүкте», «Жетістік формуласы», «Кәсіп қылам десеңіз»  хабарларында 100-ге ролик шықса, «Жақсы сөз-жан тынысы» айдары көрерменге жол тартты.

«Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша  130 215 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 92%-ын құрайды.

2023 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметі бойынша 925734,0 мың теңге бөлінген.

Интернет сайттармен жұмыстар Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Ашық диалог» egov.kz порталында Қызылорда облысы әкімінің қатысумен онлайн режимінде түрлі тақырыптарда интернет-конференциялар ұйымдастырылады. 2023 жылдың І жартыжылдықта 8 интернет-конференция және 6 сауалнама жоспарланып, ұйымдастырылды. Интернет-конференцияда 28 сұрақ келіп түсіп, барлығына онлайн режимде уақытылы жауап берілді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында республикалық және жергілікті  16 интернет сайтпен жұмыс жасалып келеді. Интернет-порталдарға күнделікті облыстағы имидждік бағыттағы жаңалықтар орналастырылады.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау бөлімі
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау бөлімі бойынша 2023 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыс туралы
20 июля 2023

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

2023 жылға арналған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленіп бекітілді.

Күнтізбелік жоспар 311 тармақтан тұрады. Оның ішінде, қоғамдық-саяси маңызды оқиғалар, республика көлемінде аталып өтілетін атаулы даталар, Қызылорда облысынан шыққан азаматтардың мерейтойлары мен өңірдің тарихи-мәдени және идеологиялық мазмұнын айшықтайтын шаралар бар.

Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына және «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 34 жыл толуына орай еске алу митингілері мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай өңірдегі азаматтық қоғам өкілдері мен ҮЕҰ жетекшілерінің басқосуы және облыстық Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай басқарма басшысы А. Есмаханов аймақтағы ҮЕҰ белсенділері мен БАҚ саласындағы нәзік жандыларды қабылдап, мерекемен құттықтады.

7 сәуір күні Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күніне арналған митинг өткізілді.

 Шарада облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, Ардагерлер одағының Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың РҚБ-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы М.Орынбайұлы сөйлеп, арманда кеткен арыстар аруағы алдында бас иіп, құрбан болған әскерилердің рухына Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойды.

13 сәуірде мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің
125 жылдық мерейтойына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «Ұлт руханияты және Т. Жүргенов мұрасы: жасампаздығы мен зерттелу кеңістігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, ҚР ҰҒА академиктері, зиялы қауым өкілдері, мемлекет қайраткерлері, сонымен бірге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Халықаралық «TURKSOY» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев қатысты.

Конференция барысында Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» кітабының тұсаукесері өтті. Романда Темірбек Жүргеновтің өмір жолы, өскен ортасы, ел игілігін көздеген жанқиярлық еңбегі, қуғын-сүргінге түскен отбасының ахуалы суреттелген.

26 сәуір – Чернобыль апаты зардабының салдарын жою күніне арналған митинг өтті. Қатысушылар құрбан болған азаматтардың рухына Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойды.

24 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №1 оқу ғимаратында «Қазақ-жоңғар соғыстары: батырлар институтының ролі» атты дөңгелек үстел өтті.

25 мамырда облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов «Невада – Семей» ҚБ-нің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлының 70 жас  мерейтойымен құттықтады. Мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің құттықтауы табысталды.

29 мамырда Достық үйі ғимаратында «ХХ ғасырдың басындағы саяси қуғын – сүргін: зерттелуі және өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Шараға онлайн байланыс арқылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы, Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрмаханова Жанат Жанашқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит Әнешұлы, университеттің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Талғат Жолдасұлы, «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ директорының орынбасары Алтынбаева Жанат Олжабайқызы қатысып баяндама жасады.

Бұдан бөлек,  ҮЕҰ-ды қолдау бағытында ресустық орталық толықтай материалдық-техникалық қамтамасыз етілді. ҮЕҰ-дардың  https://npo-kyzylorda.kz/public/login сайты ашылды. Қалалық және аудандардағы 68 ҮЕҰ-ның өкілдеріне кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетілді. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен облыс бойынша белсенді және белсенді емес ҮЕҰ-дың мәлеметтік базасы ұсынылды. ҮЕҰ жұмысын белсенді етуге бағытталған ақпараттық-әдістемеллік құрал әзірленді.

Мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қоғам институттарымен өзара ынтымақтастықты арттыру бағытында адам құқықтары жөнінде Қызылорда облысы бойынша өкілі Д. Шәріпбаев, облыстық әділет департаментінің басшысы И. Бакишева, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қ. Бекшин, Қызылорда облысы бойынша Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Полиция полковнигі Ш. Амитов, Қызылорда облысының ветеринария басқармасының басшысы Ш. Қойшыбаев, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Е. Сүлейменов ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Ақпан-мамыр айлары аралығында Қызылорда қаласы мен барлық аудан орталығында  ҮЕҰ-дардың басшыларына арналған көшпелі оқыту семинары өткізілді.

 

 

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау бөлімі
Қызылорда облысы Саяси партиялар филиалдарының тізбесі
20 июля 2023

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯ ФИЛИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ

МӘЛІМЕТ

 

Партияның атауы

Жетекшісі

Фотосуреті

Қысқаша ақпарат

Облыстағы мүшелер саны

Мекен-жайы, байланыс құралдары

1.

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы

Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы

 

1967 жылы 10 шілдеде Қызылорда қаласы,
Ж. Махамбетов ауылында дүниеге келген. Облыстық мәслихат төрағасы

 

44 462

Қызылорда қаласы,

Ы. Жақаев көшесі №2

8 7242 40 08 90

8 7242 27 58 23

kyzylorda@amanatpartiasy.kz

2.

«Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы

Прманов Жорабек Әкімбекұлы

 

1970 жылы 3 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тасбөгет қыстағында дүниеге келген.

«ФинПомощь» МҚҰ ЖШС директоры

6240

Қызылорда қаласы,

Бөкейхан көшесі

құрылыс тұйығы №41 К

8 708 197 58 15

 

3.

«Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы

Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы

 

1965 жылы

15 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қалалық мәслихат депутаты, «МетПромМонтаж» ЖШС құрылыс және гидромелиоративтік мекемесінің бас директоры

6000

Қызылорда қаласы,

Абай даңғылы №25 б

8 7242 23 02 10

 

4.

«Ауыл» ХДПП Қызылорда облыстық филиалы

Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы

 

1956 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш кентінде дүниеге келген.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас ғылыми қызметкері,

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық жоғары колледжі қамқоршылық кеңесінің мүшесі

10 194

Қызылорда қаласы,

Абай даңғылы №25 б

8 701 217 2911

8 700 570 0721

 

5.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы

Дәуренбеков Нұрбек Сағатұлы

 

1979 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген.

Inbusiness.kz. порталының меншікті тілшісі, «Тіл мерейі» газетінің жауапты хатшысы

6000

Қызылорда қаласы,

Қорқыт ата көшесі №3А,

11 пәтер

8 707 188-79-01

kyzylorda@osdp.kz

6.

«Respublika» партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Смайлов Мұрат Өмірзақұлы

 

1979 жылы 31 қазанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.  

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің

аға оқытушы

 

8000

Қызылорда қаласы,

Қорқыт Ата көшесі №120

87475402655

kyzylorda.RE@
respublica-online.kz

7.

«Baytaq» Жасылдар партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Айдаров Нұрхан Дүйсенханұлы

 

 

1985 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

2002 жылдан бері аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді

1500

Қызылорда қаласы,

Желтоқсан көшесі №120 «Капитал» бизнес орталығы

8 775 626 9162

 

 

Қызылорда облысындағы саяси партиялар туралы

АҚПАРАТ

 

Қызылорда облысында 7 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Саяси партиялардың облыстық филиалдарында 81 мыңнан астам адам тіркелген.

  1. «Amanat» партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 44 462 адам. Төрағасы – Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы;
  2. «Aq jol» демократиялық партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 6240 адам. Төрағасы – Пірманов Жорабек Әкімбекұлы;
  3. «Қазақстанның халық партиясы» облыстық филиалы. Партия мүшелері – 6 000 адам. Төрағасы – Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы;
  4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері – 10 194 адам. Төрағасы – Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы;
  5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 6 000 адам. Төрағасы – Дәуренбеков Нұрбек Сағатұлы;
  6. «Respublika» партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері – 8 000 адам. Төрағасы – Смайлов Мұрат Өмірзақұлы;
  7. «Baytaq» Жасылдар партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері – 1 500 адам мүше. Төрағасы – Айдаров Нұрхан Дүйсенханұлы.

Облыс әкімдігі мен саяси партиялардың 7 филиалы және олардың басшыларымен сындарлы диалог орнатылып, бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы бойынша 2023 жылғы II тоқсан бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат
07 июля 2023

Қызылорда облысының  қоғамдық даму басқармасы бойынша 2023 жылғы  II тоқсан бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат

Бюджеттік бағдарлама атауы

р/р

 

Конкурстың нөмірі

Лоттың атауы

 

Келісім шарт № мен

күні

 

Қорытынды хаттама нөмірі

010- «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»

1

8936083-1

"Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру" әлеуметтік жобасы

 № 13

13.03.2023

8936083-ГСЗ1

2

8936083-1

"Körneki" әлеуметтік жобасы

 № 34

17.03.2023

8936083-ГСЗ1

 

3

8936083-1

"Қоғамдық тамақтандыру орындарындағы ас мәзірлерінің мемлекеттік тілдегі лингвистикалық базасын қалыптастыру" әлеуметтік жобасы

 № 35

17.03.2023

8936083-ГСЗ1

001- «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

 

 

1

8874415-1

"Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру" әлеуметтік жобасы

 № 19

16.02.2023

8874415-ГСЗ1

2

8898685-1

«Баспа, теледидар және радио күніне арналған облыстық журналистер форумын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы

№ 24

13.03.2023

8898685-ГСЗ1

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

8895689-1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8874415-1

"Сотсыз татуласу орталығының қызметін қамтамасыз ету" әлеуметтік жобасы

 

 

 

 

"Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту" әлеуметтік жобасы

 

№ 25

20.02.2023

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 27

02.03.2023

8895689-ГСЗ1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8874415-ГСЗ1

5

8874415-1

"Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру" әлеуметтік жобасы

№ 28

02.03.2023

8874415-ГСЗ1

 

6

8874415-1

"Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран" патриоттыққа тәрбиелеу бойынша шаралар ұйымдастыру

№ 29

02.03.2023

 

8874415-ГСЗ1

 

7

8874415-1

"Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту" әлеуметтік жобасы

№ 30

02.03.2023

 

8874415-ГСЗ1

 

8

9543078-1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған "Адалдық орталығы"

№ 36

05.04.2023

 

9543078-ГСЗ1

 

9

9850451-1

"Мерейлі отбасы" әлеуметтік жобасы

№ 39

31.05.2023

 

9850451-ГСЗ1

006- « Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру»

1

8894124-1

Жасыл ел еңбек жасақтарына жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартуды ұйымдастыру

№ 20

15.02.2023

 

8894124-ГСЗ1

 

«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бюджет туралы мәліметтері «Ашық бюджет» және «Азаматтық бюджет» сайттарына салынғандығын хабарлаймыз, қандайда бір сұрақтар туындаған жағдайда хабарлассаңыздар болады.
19 мая 2023

Бюджетная программа за 2023 год

  1. https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=2894672
  2. https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=2894633
  3. https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=2894562
  4. https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=2894522
  5. https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=2894441
  6. https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=2894344
  7. https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=2894296
  8. https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=2855836
  9. https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=285575
  10. https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=2855574

 

 

Гражданский бюджет за 2023 год

  1. https://budget.egov.kz/material/material?id=2749367&govAgencyId=3672
  2. https://budget.egov.kz/material/material?id=2749243&govAgencyId=3672
  3. https://budget.egov.kz/material/material?id=2804867&govAgencyId=3672
  4. https://budget.egov.kz/material/material?id=2843274&govAgencyId=3672

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі бойынша 2023 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы
13 апреля 2023

Мемлекеттік тіл саясаты

2023 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен   126 млн. 125 мың теңге қаржы бөлінді (Тілдерді оқыту орталығына – 106 млн.817 мың теңге, әлеуметтік жобаларға – 18 млн.149 мың теңге, «Қазтест» - сертификаттық тестілеуге – 1 млн.159 мың теңге бөлінді).

Тіл саясатын іске асыруда 3 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады.

Олар: «Аймақтағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру», «Қоғамдық тамақтану орындарындағы ас мәзірінің лингвистикалық базасын қалыптастыру», «Korneki».

Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.

Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы барлығы  421 адам, оның ішінде         203 мемлекеттік тілді, 112 орыс тілін, 106 ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.

Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесімен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,5%-ды құрады.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында 15  іс-шара өткізіліп, оған 2000-ға жуық адам қамтылды. 

Атап айтқанда, «Мемлекеттік тілді үйретудің заманауи әдістері» атты облыстық семинар, Халықаралық ана тілі күніне орай «Тіл – татулық тірегі» ашық сабақтар, «Мерген сөз» интеллектуалды сайысы, алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту - парызым» облыстық эссе жазу байқауы, «Жастар және тіл»ТеdХ форматындағы ашық пікір алаңы ұйымдастырылды.

Салық төлеушілердің бақылау-касса машиналарында мемлекеттік тілді пайдалану, БКМ жүйесін жаңа нұсқаға көшіру бағытында бірлескен шаралар ұйымдастыру мақсатында үш жақты өзара ынтымақтастық пен әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Қаржылық ұйымдарындағы ісқағаздары мен көрнекі ақпараттарында тіл туралы заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында                  23 ұйымға түсіндірме хат жолданды.    

Бүгінде Тіл орталығының әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы сөздердің дұрыс жазылуы, ұлттық дәстүрлер және ұлттық сөз саптау үлгілері бойынша «Дәстүрім - діңгегім», «Қатесіз жаз!», «Сөзтүзер», «Көненің көзі - көнерген» ақпараттық айдарлары жүргізілуде.

Кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарында тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы облыстық                       іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы мен аудандарда                    267 кәсіпкерлік нысанға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен кемшілік анықталған 64 нысанға көрнекі ақпараттарды заң талаптарына сәйкестендіру жөнінен ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ, облыс бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ақпараттандыру жұмыстары аясында 221 сыртқы көрнекі құралға Орталық сайлау комиссиясының материалдары,                  171 көрнекі құралға партиялар мен кандидаттардың материалдары орналастырылды.      

Есепті мерзімде облыстық ономастика комиссиясының бір отырысы өткізіліп, ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қызылорда облысының 6 білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру туралы ұсыныстар жолданды.   

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 8 топонимикалық атау енгізілді.

ҚХА хатшылығы - Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2023 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
13 апреля 2023

Жыл басынан бері облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес облыс халқының 96,6% қазақ, 3,4% – 35 этностық топтан құралады. Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестіктер, аудандарда 5 этнобағытталған үкіметтік емес ұйымдар және 8 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған.Есепті мерзімде жоспарлы түрде және жоспардан тыс онлайн/офлайн форматта барлығы 92 шара ұйымдастырылып, оған
10 мыңнан аса адам қамтылды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен жыл бойы «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ашық есік күндері, түрлі бағыттағы семинарлар, этностардың мәдени күндері және ұлттық мерекелері аталып өтілуде. Жыл басынан бері ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен аймақта түрлі форматтағы 27 іс-шара ұйымдастырылып, оған 2000-ға жуық адам тартылды.

Есепті мерзімде республикалық және облыстық БАҚ беттерінде –
123 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда –
97 бейнематериал, 256 жарияланым жарық көрді.

Сондай-ақ, облыс бойынша ҚХА жанынан 1 облыстық, 1 қалалық, 7 аудандық және 1 ауылдық Ақсақалдар кеңесі құрылды.

 

Социальные сети
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы