ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА «РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА «РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданында «Руханият орталығы» ашылды. Мерекелік іс-шараға облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары, өнер және қоғам қайраткерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Рәсім үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтың арнауымен ашылды. Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның қолданысқа берілуімен құттықтады.

​​Жиында Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Өмірбек Шәменов сөз сөйлеп, жиылған жұртшылықты құттықтады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев батасын берді. Ауданның өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды.

Айта кетейік, былтырдан бері барлық 7 ауданда құны 11 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын, ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» салынып, пайдалануға берілуде.