«ҚАРАКЕТКЕН» АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

«ҚАРАКЕТКЕН» АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданының«Қаракеткен» ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен салынған дәрігерлік амбулатория ашылды. Рәсімге облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары, медицина саласының ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында медицина саласының ардагері,Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Тұрғанбай Маханов батасын берді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында қажырлы еңбек еткен ардагерлер мен аурухананы салған құрылысшыларға марапаттар тапсырылды.