Қызылорда қаласында сол жағалауына 1532 гектар аумаққа әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес «Гүл бульвары» құрылысы жобасының ең үздік нобай-идеясына ашық байқаудың талаптары.
Қызылорда облысы әкімдігі және «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мекемесінің бастамасымен, Қызылорда қаласының сол жағалауына «Гүл бульвары» жобасының ең үздік нобай-идеясына ашық байқау (бұдан әрі - Байқау) жариялайды.
Байқаудың мақсаты «Гүл бульвары» нобай-идеясының құрылысының эстетикалық мәнерін ашатын кеңістік тұтас, функционалдық жеткілікті дәрежедегі сәулет - қала құрылысы тұжырымдамалық шешімін алу, сондай-ақ кешеннің сәулеттік келбетін бірыңғай ансамблін енгізу.
Тарихи мағынасы.
Қызылорда қаласы Сырдария өзенімен және "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көліктік дәлізімен қалыптасқан облыстың басты қоныстану осінде орналасқан қала. Оның аумағы арқылы магистралдық теміржол мен "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көліктік дәлізі өтеді.
Қала салынған кезден бастап сауда орталығы қызметін атқарды, бұған оның Ұлы Жібек жолы бойындағы көне керуен жолдарының қиылысында оңтайлы орналасуы әсер етті.Қызылорда қаласы Үндістан мен Қытайдан Ресей мен Еуропаға дейін тауарлардың орасан зор мөлшері тасымалданған және әр түрлі халықтар арасында қарым-қатынас дамыған Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.
Қаланың ірі өнеркәсіп орталығы ретінде дамуы халықтың қоныстану жүйесінде оның орталық ретінде орналасуына және оның айналасында қала маңы аймағының қалыптасуына негіз болды.
Сырдария өзенінің рекреациялық аймағын дамытуға және оның жайылмасын абаттандыруға бас назар аударылады. Қала келбетін қалыптастыруға әсер ететін басты басымдық ретіндегі өзеннің маңызын ескере отырып, Сырдария сол жағалауын көркейту көзделуде. Сол жағалау - қала құрылымының желілік элементі, оның ұзына бойғы учаскелерін жасыл шоғырлар, тамашалау алаңдарын, перголалар, орындықтар мен әртүрлі шағын сәулеттік нысандар сияқты объектілерді салу есебінен түрлендіру ұсынылады.
Сол жағалаудағы жаңа қала - қала маңындағы аймақтар мен тасжолын, қазіргі қаланы біріктіріп, болашақ ұрпаққа және қазіргі тұрғындарға қажетті негізгі жаңа орталықты қамтиды.
Шекарасын үлкейтумен қатар Қызылорда қаласы өзінің дамуында жаңа парақ ашуда,сонымен қатар Шірік-Рабат, Жанкент, Сағанак, Ақ мешіт секілді маңызды орталық құрастыру арқылы өңірдің тарихын жалғастыруда.
Сал-дәстүрлердің үйлесуі, көп ғасырлық тарих және де жаңа заманауи қаланың құрылысы шығыс мәнерде бастау алды.
Байқаудың тапсырмасы.
Байқаудың мақсаты – «Гүл бульвары» құрылысын салуға сәулет - көркемдік және қала құрылысы тұжырымды шешімін алу болып табылады. «Гүл бульвары» жобасының сәулет-жоспарлау және ландшафты-композициялық шешімі әлемдік ең үздік сәулеттік-көркемдік және қала құрылысы өнерінің деңгейіне сай болуы керек.
Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері.
Ұлы Жібек жолы маңыздылығы мәдениеттердің өзара байланысы, мәдени және саяси байланыс, осыған орай байқаудың мақсаты – «Гүл бульвары» жобасын жасаудағы жобада ең алдымен осы тарихы маңыздылықты ескеру қажет. Сонымен қатар, ұлттық және заманауи шығыс стилін ұштастыра отырып, әлемдік саябақтар мен гүл бақтардың жобасын аналог ретінде қолдана отырып, эскиздік жобасын сызу қажет. Аталған эскиздік жоба құрамына төмендегі тізім ұсынылады:
Байқауды өткізу орны.
Байқауды өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, «Қызылорда облысы құрылысшылары» ассоциациясы, 120000 Қызылорда қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 70 мекенжайы болып табылады.
Байқауды өткізу мерзімдері.
Байқау 1 кезеңде өтеді.
Байқауды өткізу мерзімі 2020 жылғы 9 қарашадан 2020 жылғы 5 желтоқсанға дейін.
Сәулет-жоспарлауға және көркемдік композициялық шешімге негізгі талаптар.
«Гүл бульвары» бейнесінің байқау жобасы барлық құжаттар мен және ұсынылатын үлгінің ойын ашып көрсететін қысқаша түсіндірме хатпен болуы тиіс.
«Гүл бульвары» сәулетті бейнесін суреттеуде оның ықшамдығы, ойдың еркін болуы, келешекке бағдарланған патриоттық және Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті, сан ғасырлық тарихы бар жас мемлекет Қазақстанға деген заманауи негізгі идеяларды беруде өзіндік ерекшелігі ескерілуі қажет.
Байқауға қатысушылар.
Байқауға қатысушылармен ұсынылатын материалдардың құрамы.
Байқау материалдары түсті компьютерлік графикада (А3 альбом форматында) орындалған фотоқағазда ұсынылады.
Ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылатын материалдар (өтінімді орналастырылғаннан кейін).
Жеңімпаздарды марапаттау.
Ең таңдаулы жобалық ұсынысқа келесі сыйақылар бекітілген:
I сыйақы – 500 000 тенге;
II сыйақы – 300 000 тенге;
III сыйақы – 200 000 тенге.
Байқауда 1 орын алған жоба авторына (авторларға) жобалық құжатты одан әрі әзірлеу құқығы ұсынылады.
Байқау материалдарын ұсыну мерзімі.
Байқау және байқау материалдарына өтінімді келесі мекен-жайға ұсыну қажет: Қазақстан Республикасы, 120000, Қызылорда қаласы, «Қызылорда облысы құрылысшылары» ассоциациясы, Н.Назарбаев даңғылы, 70 мекен-жайы бойынша 2020 жылдың «9» қарашадан бастан 5 желтоқсанға дейін сағат 19.00-ден кешіктірмей ұсыну қажет, байланыс телефондары: 8 (7242) 23-23-46, 8 776 151 46 26.
Өтінім еркін нысанда көрсетілу тиіс: Жобалау ұйымның атауы, қатысушының аты-жөні, пошталық мекен-жайы, телефон нөмірі және электрондық поштасы.
Байқауды ұйымдастыру бойынша жеке сұрақтармен тел: 8 (7242) 23-23-46, 8 776 151 46 26 аталған мекен-жайға хабарласуға болады.
Байқауға ұсынылған жобалар, ұйымдастырушының меншігіне түседі және жариялануы мүмкін.