Облыстық мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, депутат Бауыржан Сандыбаев және комиссия мүшелері – депутаттар Жорабек Нұрымбетов, Қанағат Сақтағанов Қызылорда қаласында бой көтеріп жатқан әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстарының барысын бақылау және зерделеу мақсатында нысандарды аралады.
Депутаттар алдымен 300 төсектік көпбейінді аурухананың құрылыс алаңымен танысты. Бас мердігері – «Мелиоратор» серіктестігі.
Нысан құрамында 100 келушіге арналған емхана, реанимация, химио- және радиотерапия, операциялық және басқа да 10 негізгі блок қарастырылған.
Бұл заманауи медициналық кешенді 2026 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.