Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жұмыс сапары кезінде Сексеуіл кентіндегі 300 орындық «Келешек мектебінің» ашылу рәсіміне қатысты. Конституция мерекесі қарсаңындағы салтанатты басқосуға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева мен зиялы қауым өкілдері арнайы келді.
Облыс әкімі тұрғындарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, білім саласындағы жетістіктерге тоқталды.
«Сіздерді жаңа бастамалар мен үмітке толы мереке 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған бұл білім ордасы оқу мен ізденіс арқылы әр баланың болашағын айқындайды.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 400 млн. теңгеге 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуде. Бүгінде 3 мың орындық 6 мектеп ел игілігіне табысталды. Қалған 4 мектептің біреуі бүгін салтанатты түрде ашылды, екеуі жаңа оқу жылына дайын.