Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 2021 жылдың 3 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарының қатысуымен құқықтық оқу өткізілді.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына тапсыру міндеттелген «Кірістері мен мүлкі туралы» декларацияны тапсыру бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары әдістемелік көмек көрсетіп, сұрақтарға жауап берді.
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша 2020 жыл қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының әр тармағы бойынша және оның ішінде 4 тоқсанда жасалған жұмыстардың орындалуы бойынша қорытындыланды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-баптың талаптары түсіндірілді. Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды.
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 2020 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарында көзделген жұмыстар өз уақытында орындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қоғамға тигізетін зарбадын бағамдау үшін тақырыптық бейне материалдар басқарма қызметкерлерінің назарына ұсынылды.
«Заң білмеушілік, жауапкершіліктен құтқармайды» тақырыбында басқарма қызметкерлінің қатысумен ақпараттық сипаттағы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына енген өзгерістер мен толықтырулар жайлы құқықтық оқу өткізілді.
Басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген нормаларға түсінік берілді.
Алғаш рет мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылданған азаматтарға жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда іс-қимылдың алгоримті таныстырылды.
Ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар ретінде алғаш рет мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылданған азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданатын шектеулерді жазбаша түрде қабылдау,қаржылық бақылау шараларын яғни табыстары мен мүліктері туралы декларацияларын заңнама талаптарына сәйкес және белгіленген мерзімде тапсыруын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына»,Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №135-НҚ бұйрығына сәйкес басқарманың әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімі мынадай бағыттар бойынша жобалау және құрылыс бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді:
1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2)бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша: анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды іске асыру мерзімдерін қамтитын талдамалық анықтама әзірленеді.
Мемлекеттік сатып алу процестерінің ағымына қатысты конкурстық комиссия мүшелеріне ықпал жасау және қызметкерлерді өзге де құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында басқармаға кездейсоқ адамдардың ретсіз кіруіне тосқауыл қою арқылы ішкі қауіпсіздікті күшейтуге мақсатында облыстық мекемелер үйіне кіріп шығатын азаматтардың тізімі басқарма басшысының өтініш хаты негізінде облыс әкімі аппаратының келісімі бойынша жасақталып отыр яғни кездейсоқ жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің ғимаратқа кіріп шығуы толық бақылауға алынған.
Мәтінінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алу мүмкіндігі туралы мәліметтер баяндалған өтініштермен заңға сәйкес шара қолдану міндеттілігі, бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болатындығы мемлекеттік орган басшысының басты назарында .
Азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігі жасалып, ол басқарманың кіре берісіне, жұртшылыққа қол жетімді жерге орнатылған.
Басқарма басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі мен Басқарманың «сенім телефоны» ғимаратқа кіре-беріс алаңында баршаға көрінетін жерге орналастырылған.
Жеке қабылдаулар туралы жергілікті «Сыр бойы» және «Кызылоринские вести» газеттерінде жарияланып тұрады.
«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсенің құрылыс бағыты бойынша жұмыс тобы құрылды.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілері әдеп негіздерін сақталуы жөніндегі декларациясы мәтінімен таныстырылып, міндеттемері алынған.
Басқарманың әрбір жұмыс кабинеттерінде сыбайластық пен парақорлықтың салдары туралы үнқағаздар ілінген.
Жоспарға сәйкес Басқарманың мемлекеттік қызметшілері біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарына жолданып, білімін жетілдіруде.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамасына енген өзгерістер мен толықтырулар жайлы құқықтық оқу өткізілді.
Мемлекеттік қызмет саласын дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бағытындағы жұмыстар басқармамен тұрақты бақылауға алынған және өз деңгейінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 2020 жылдың ІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарында көзделген жұмыстар өз уақытында орындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қоғамға тигізетін зарбадын бағамдау үшін тақырыптық бейне материалдар басқарма қызметкерлерінің назарына ұсынылды.
«Заң білмеушілік, жауапкершіліктен құтқармайды» тақырыбында басқарма қызметкерлінің қатысумен ақпараттық сипаттағы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына енген өзгерістер мен толықтырулар жайлы құқықтық оқу өткізілді.
Басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген нормаларға түсінік берілді.
Алғаш рет мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылданған азаматтарға жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда іс-қимылдың алгоримті таныстырылды.
Ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар ретінде алғаш рет мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылданған азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданатын шектеулерді жазбаша түрде қабылдау,қаржылық бақылау шараларын яғни табыстары мен мүліктері туралы декларацияларын заңнама талаптарына сәйкес және белгіленген мерзімде тапсыруын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды бірінші басшымен айқындалған басқарманың әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімі жүргізеді.
Мемлекеттік сатып алу процестерінің ағымына қатысты конкурстық комиссия мүшелеріне ықпал жасау және қызметкерлерді өзге де құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында басқармаға кездейсоқ адамдардың ретсіз кіруіне тосқауыл қою арқылы ішкі қауіпсіздікті күшейтуге мақсатында облыстық мекемелер үйіне кіріп шығатын азаматтардың тізімі басқарма басшысының өтініш хаты негізінде облыс әкімі аппаратының келісімі бойынша жасақталып отыр яғни жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің ғимаратқа кіріп шығуы толық бақылауға алынған.
Мәтінінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алу мүмкіндігі туралы мәліметтер баяндалған өтініштермен заңға сәйкес шара қолдану міндеттілігі, бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болатындығы мемлекеттік орган басшысының басты назарында .
Азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігі жасалып, ол басқарманың кіре берісіне, жұртшылыққа қол жетімді жерге орнатылған.
Басқарма басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі мен Басқарманың «сенім телефоны» ғимаратқа кіре-беріс алаңында баршаға көрінетін жерге орналастырылған.
Жеке қабылдаулар туралы жергілікті «Сыр бойы» және «Кызылоринские вести» газеттерінде жарияланып тұрады.
«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсенің құрылыс бағыты бойынша жұмыс тобы құрылды.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілері әдеп негіздерін сақталуы жөніндегі декларациясы мәтінімен таныстырылып, міндеттемері алынған.
Басқарманың әрбір жұмыс кабинеттерінде сыбайластық пен парақорлықтың салдары туралы үнқағаздар ілінген.
Жоспарға сәйкес Басқарманың мемлекеттік қызметшілері біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарына жолданып, білімін жетілдіруде.
Мемлекеттік қызмет саласын дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бағытындағы жұмыстар басқармамен тұрақты бақылауға алынған және өз деңгейінде тиісті жұмыстар жүргізілуде
Соңғы 4 жылда басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері орын алмаған.
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бағытындағы атқарылған шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігі жасалып, ол басқарманың кіре берісіне, жұртшылыққа қол жетімді жерге орнатылған.
Басқарма басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі мен Басқарманың «сенім телефоны» ғимратқа кіре-беріс алаңында баршаға көрінікі жерге орналастырылған.
Жеке қабылдаулар туралы жергілікті «Сыр бойы» және «Кызылоринские вести» газеттерінде жарияланып тұрады.
«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсенің құрылыс бағыты бойынша жұмыс тобы құрылды.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілері әдеп негіздерін сақталуы жөніндегі декларациясы мәтінімен таныстырылып, міндеттемері алынған.
Басқарманың әрбір жұмыс кабинеттерінде сыбайластық пен парақорлықтың салдары туралы үнқағаздар ілінген.
Басқарма қызметкеткерлері арасында үнемі сыбайлас жемқорлықтың салдары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтау, заң алдында жауапкершілігі туралы, нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы оқытулар, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.
Жоспарға сәйкес Басқарманың мемлекеттік қызметшілері біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарына жолданып, білімін жетілдіруде.
2020 жылдың ақпан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті және басқарма ұжымы арасында жиналыс өткізіліп, барлық қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік қызмет этикасы, әкімшілік құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық құық бұзушылық туралы заңнамаларының талаптары мен оның салдары талқыланып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау, тікелей басшының жауаптылығында екендігі түсіндірілді.
Мемлекеттік қызмет саласын дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бағытындағы жұмыстар басқармамен тұрақты бақылауға алынған және өз деңгейінде тиісті жұмыстар жалғастырылатын болады.
Соңғы 3 жылда басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері орын алмаған.
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының 2019 жылғы 06 желтоқсандағы № 151– НҚ бүйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып, талдаудың бағыттары анықталды. Жұмыс тобымен келесі мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді:
- жобалау және құрылыс бөлімінің құрылыс нысандарындағы жер мәселесіне қатысты жұмыстары бойынша.
Жобалау және құрылыс бөлімінің құрылыс нысандарындағы жұмыстары бойынша.
2019 жыл ішінде Басқарма арқылы 25 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп, 9 нысан пайдалануға берілді. Қалған 16 нысан 2020 жылға өтпелі.
2016-2019 жылдар аралығында Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі орын алмаған.
Басқарма арқылы жаңа құрылыс нысандарын салу үшін, ең алдымен құрылыс нысанының орналасатын жер учаскесі анықталып, жергілікті атқарушы органның шешімімен уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы беріледі.
Осыған сәйкес, нысанның жоба-саметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары аяқталған соң, коммуналдық мүлікті, яғни нысанды жер учаскесімен бірге одан әрі пайдалануға тиісті бағдарлама әкімшісінің теңгеріміне өткізу үшін ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының 10-бабына сәйкес, басқарманың теңгерімінен келесі пайдаланушы теңгеріміне өткізіледі.
Алайда, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 36-бабының 3) тармағына сәйкес, «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқықғындағы жер учаскелерін иеліктен шығаруға, соның ішінде оларды кейінгі жер пайдалануға беруге жол берілмейді» делінген.
Осыған орай, бұл Заң нормалары жұмыс барысында қайшылықтар туғызып, заң бұзушылыққа жол берілуі мүмкін.
Құрылыс саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептер мен жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында ұсынылады:
ҚР Жер Кодексінің 36-бабының 3)тармағына «уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін иеліктен шығаруға, соның ішінде оларды кейінгі жер пайдалануға беруге ғимарат құрылысы салынып, қабылданған мерзімге дейін жол берілмейді» деген сөздермен толықтыру.
2019 жылғы 03 желтоқсан күні Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы М. Әлсеріков «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы №273-VI заңымен (әрі қарай - Заң) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы және жауапкершіліктер туралы басқарма қызметкерлері арасында жиналыс өткізді.
Сонымен бірге әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімі Басқарманың барлық қызметкерлерін Заңмен таныстыру бойынша құқықтық оқыту жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың салдары, жауапкершілігі туралы жазбаша түрде таныстырды.