Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының бірі жариялылық пен ашықтықты қаматамасыз ету мақсатында басқарманың сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-saulet?lang=kk) тоқсан сайын атқарылған жұмыстар туралы есебін тұрақты түрде орналастырады.
Сонымен қатар Facebook (фейсбук) әлеуметтік желісіндегі басқарма парақшасына (https://www.facebook.com/usagkzo ) тағайындаулар, жаңалықтар, тағы басқа мәліметтерді жариялау, БАҚ өкілдеріне сұхбат беру, брифинг ұйымдастыру жұмыстары тұрақты бақылауға алынған.
2025 жылдың қыркүйек айында Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және т.б. заңнамаларға енгізілген өзгерістер бойынша мәжіліс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер «Мемлекеттік қызметтегі әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарына да қатысты.
Мемлекеттік және құқықтық қорғау қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және бюджет қаражатын тиімді игеру мақсатында басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқытулар ұйымдастырылып, тиісті түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Сонымен қатар басқарманың әр кабинетіне сыбайлас жемқорлықтың зардабы туралы жадынама ораластырылған.
2025 жылдың 4 тоқсанында Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізінде әзірленген алдын ала ескертулермен Басқарманың қызметкерлерін жыл сайын және жаңадан келген қызметкерлерді дербес қол қою арқылы таныстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
2025 жылдың 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай ҚР мемлекетік наградасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен басқарма басшысы Төрәлиев Ерлан Кәрімбекұлы марапатталды. Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хатымен басқарманың бас маманы Сисенбаева Айгерім Шакизадақызы марапатталды.
Жаңа жыл мерекесіне орай облыс әкімінің алғыс хатымен басқарманың бөлім басшысы Бекенов Мурат Алматович, бас маманы Ибрагимов Габдулла Сатбаевич және штаттан тыс қызметкерлері Нұрмағанбет Марат Серікбайұлы, Искаков Адильбек Канибаевич, Абдраман Арман Ерімбетұлы, Аманкелді Қайсар Рүстемұлы марапатталды.
Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі, ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
2025 жылдың 4 тоқсанының қорытынды есеп кезеңінде басқармаға барлығы «eOtinish» ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өттіштері бойынша 80 өтініш түсті. Оның ішінде арыз – 52, басқасы (хабарлама, сұрау алу, үн қосу) – 28. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.
Өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Өтініштермен жұмыс жасау 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Басқарма басшысы және орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.
Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау бөлімінің тел.: 60-53-51 және әкімшілік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу бөлімінің тел: 60-56-91 нөміріне хабарласып алуға болады.
|
№ |
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі негізгі бағыттар |
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны |
Қызмет нәтижесі |
Өткізілген тыңдалым саны |
Қабылданған шаралар
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1. |
«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 бұйрығына сәйкес «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» |
- |
- |
- |
- |
|
Мекеме атауы |
Жауапты бөлім |
Бөлімнің қызметтік телефоны |
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері |
|
«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ |
Сәулет, қала құрылысы және мониторинг бөлімі
|
8 (7242) 60-53-55 |
«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 бұйрығына сәйкес «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» |
Қызылорда облысының
құрылыс, сәулет және қала
құрылысы басқармасы
2025 жыл бойынша 9 ай қорытындысы бойынша әлеумeттік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 62,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 10 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.
Анықтама ретінде:
Білім беру саласы – 1 нысан;
Денсаулық сақтау саласы – 5 нысан;
Мәдениет саласы – 1 нысан;
Спорт саласы – 3 нысан.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектілерін салуға республикалық бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды: Ағымдағы жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда пайдалануға берілген нысандар тізімі:
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:
2025 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша облыс аумағында 564 141 шаршы метрді құрайтын 2474 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 101,1 %-ға өскендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 1561 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 1588 эскиздік жобасы, сонымен қатар 564 141 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100 % аталған жүйеге енгізілді.
Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:
Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2023 жылы «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.
Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 53 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 4 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден 2024-2025 жылдарға қажетті көлемде қаржы бөлінді.
Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Барлық жұмыстарды жыл аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.
Эскиздік жобалар:
Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.
Атап айтқанда:
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы;
Қызылорда облысының Әділет департаменті ғимараты;
Музыкалық колледж жатақханасы;
Оқушылар сарайы;
Әкімшілік ғимараты;
Ә.Тәжібаева атындағы облыстық кітапхана;
Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі
2025 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Статистикалық деректерге сәйкес 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында 564,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,1% - ға жоғары.
2025 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 48,5 млрд.теңге қаржы бөлінді (РБ - 3,8 млрд. теңге, ОБ – 4,2 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 40,5 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген қаржыға 650 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде:
- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласында 50-пәтерлі 5 тұрғын үй,
- кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үй. Бүгінгі күнге 8 кредиттік тұрғын үйдің (320 пәтер) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласында 292 пәтер , бағалы қағаздар шығару есебінен облыс бойынша 2688 пәтер сатып алу жоспарланған (Қызылорда қаласы -2238, Арал ауданы – 100, Қазалы ауданы – 100, Қармақшы ауданы – 50, Шиелі ауданы – 100, Жаңақорған ауданы - 100).
Облыстық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 42 пәтер сатып алынатын болады.
Жыл басынан Қызылорда қаласында 345 пәтер сатып алынды. Қалған пәтерлер жыл аяғынан дейін сатып алынатын болады.
Тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру
2025 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 57 жобасын (су – 6, электр. - 31, жылу - 2, газ - 9, бас жоспар, абаттандыру және телефон - 3, кешенді ики -6) жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 35,5 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 1,6 млрд.теңге, РБ – 1,8 млрд.теңге, ОБ – 2,1 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 30,0 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 12 жоба;
- Арал ауданы – 6 жоба;
- Қазалы ауданы – 7 жоба;
- Қармақшы ауданы – 2 жоба;
- Жалағаш ауданы – 1 жоба;
- Сырдария ауданы – 3 жоба;
- Шиелі ауданы - 9 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 17 жоба.
Бүгінгі күнге 5 жобаның (Қызылорда қ. – 1, Арал ауданы – 1, Қармақшы ауданы – 1, Жаңақорған ауданы - 2) құрылысы аяқталып, 101,1 км инженерлік желілер (газ – 12,6 км, электр – 88,5 км) пайдалануға берілді.
2025 жылдың 3 тоқсанының қорытынды есеп кезеңінде басқармаға барлығы «eOtinish» ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өттіштері бойынша 75 өтініш түсті. Оның ішінде арыз – 44, басқасы (хабарлама, сұрау алу, үн қосу) – 31. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.
Өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Өтініштермен жұмыс жасау 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Басқарма басшысы және орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.
Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау бөлімінің тел.: 60-53-51 және әкімшілік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу бөлімінің тел: 60-56-91 нөміріне хабарласып алуға болады.
2025 жылдың 3 тоқсанында Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізінде әзірленген алдын ала ескертулермен Басқарманың қызметкерлерін жыл сайын және жаңадан келген қызметкерлерді дербес қол қою арқылы таныстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі, ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
Қазіргі уақытта платформада заңды тұлғаның мобильді нұсқадан өтініштерді онлайн режимде беру мүмкіндігі жоқ.
Еotinish-тің web нұсқасы арқылы https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өтініш беруге немесе ХҚКО-ға, "Нәтиже" бөліміне жүгінуге болады.
Заңды тұлға өтініш беру үшін төмендегілерді орындау қажет.
Заңды тұлғалардан «e-Otinish»-ке өтініш берудің 9 қадамы:
Ақпарат көзі: https://eotinish.kz