Мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандар үшін облыстық семинар-кеңес өткізілді

Мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандар үшін облыстық семинар-кеңес өткізілді
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік сатып алулардың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Шараға аумақтық департаменттердің, облыстық басқармалар мен қала әкімдігіне қарасты мекемелердің, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім, мәдениет саласы мекемелерінің есепшілері мен мемлекеттік сатып алуларға жауапты 200-ге жуық мамандары қатысты.
Еркін форматта өзара пікір алмасу түрінде өткен семинарда басқарма қызметкерлері қатысушыларға мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының жаңашылдықтарын түсіндіріп қана қоймай, тәжірибеде кездесетін проблемалық мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.
Саладағы сатып алу тәсілдеріне жеке-жеке тоқталып, жауапкершілік түрлері және мемлекеттік сатып алу веб-порталы мен электронды дүкен функционалында орын алған өзгерістер де таныстырылды. Күнделікті жұмыста кездесуі мүмкін проблемалық сұрақтарға талқылау жасалып, оларды заң жүзінде шешу мүмкіндіктері қарастырылды.
Шара соңы өзара сұрақ-жауап алмасумен жалғасып, тәжірибедегі оңтайлануы қажет мәселелер нақтыланды.