Сенбіліктің басты мақсаты - қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.
Акцияның мақсаты: қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті! Осы ретте, барлық қала тұрғындарын сенбілікке белсене қатысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!