Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен «Қаржылық бұзушылықтардың алдын-алу, бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін нығайту» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске облыстық қаржылық бақылау органдарының, облыстық басқармалардың басшылары және қала/аудан әкімдерінің орынбасарлары, сонымен қатар, облыстың аумағында орналасқан бюджеттік ұйымдардың (білім бөлімі, мектептер, балабақшалар, орталық аурухана, спорт мекемелері) басшылары мен қаржы жөніндегі жауапты мамандары қатысты.
Семинар-кеңесте Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, тексеру комиссиясының, облыстық мемлекеттік сатып алу, экономика және қаржы басқармаларының өкілдері баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға баяндамашылар тарапынан нақты жауаптар берілді.