4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні !

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні !

Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Отанымыз үшін патриоттық пен намыстың мерекесі. Себебі, әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор.

Елтаңба, Ту мен Гимн – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты символдары.

Бұл рәміздер ұрпақтар өмірбаянының өзгеше қастерлі белгілері болып қала бермек. Қыран бүркіттей күш-қуатымызды бейнелей желбіреген байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатса, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымыз бен шаңырағымыздың беріктігін паш етуде.

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!