Мәдениет және спорт саласының тапсырыс берушілерімен мемлекеттік сатып алу заңнамасына енгізілген өзгерістер мен саладағы өзекті мәселелер талқыланды

Мәдениет және спорт саласының тапсырыс берушілерімен мемлекеттік сатып алу заңнамасына енгізілген өзгерістер мен саладағы өзекті мәселелер талқыланды

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастырылуымен облыстық мәдениет және спорт басқармасының және оған бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты қызметкерлеріне «Мемлекеттік сатып алудың бірқатар өзекті мәселелері» тақырыбында түсіндірме  семинар-кеңес өткізілді.   

Аталған семинар-кеңесте қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген соңғы өзгерістер талқыланып, тапсырыс берушілер тарапынан мемлекеттік  сатып алулардағы бұзушылықтарды алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптары қатаң сақталуы қажет екендігі бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара соңында, қатысушылар тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасулар жасалды.