Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін «Мемлекеттiк сатып алу туралы» жаңа Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Осылай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты әзірленді.
Талқылаулар қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп Заң жобасының негізгі тәсілдемелері әзірленді.
Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында консультативтік құжат жария талқылау үшін «Ашық НҚА» (legalacts.egov.kz) интернет-порталында жарияланады.»