Басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін және құқықтық деңгейін арттыру бағытында құқықтық оқыту

Басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін   және құқықтық деңгейін арттыру бағытында құқықтық оқыту

Мемлекеттік сатып алу басқармасының тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Жұлдыз Бауыржанмен басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін   және құқықтық деңгейін арттыру бағытында  «Сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы
20 қаңтардағы № 60,  сондай-ақ, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648  бұйрықтарына сәйкес сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны айқындап, бекіту тақырыптарында  құқықтық оқу өткізілді.

 Құқықтық оқу барысында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің

757-бабы 5-тармағына сәйкес, сарапшы көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылықта болатыны түсіндірілді.

Cонымен қатар, шараға қатысқан басқарма қызметкерлері өздерін мазалаған сұрақтарға толыққанды жауабын алып, басқа да сұрақтар бойынша өзара пікір алмасулар жасады.