Мемлекеттік сатып алудың бір қатар мәселелері туралы семинар өткізілді

Мемлекеттік сатып алудың бір қатар мәселелері туралы семинар өткізілді

Облыс әкімінің орынбасары М. Жайымбетовтің облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп сала бойынша семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру туралы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, үстіміздегі жылдың 26 тамыз күні облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен, Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің бас мамандары Ержанұлы Сәдірдің, Ұзақбаев Әмірхан Серікұлының қатысуында, қала және аудандардың әкімдіктеріне, барлық облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне «Мемлекеттік сатып алудың бір қатар мәселелері» тақырыбында онлайн форматта «Zoom» жүйесі арқылы кезекті семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген соңғы өзгерістер талқыланып, саладағы заң бұзушылықтардың алдын алу керектігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Cондай-ақ, шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар беріліп, пікір алмасулар жасалды.