«Мемлекеттік сатып алулардағы бұзушылықтарды алдын алу туралы» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.

«Мемлекеттік сатып алулардағы бұзушылықтарды алдын алу туралы» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.

2022 жылдың 17 наурыз күні облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Алтынай Қуандыққызының төрағалығымен «Мемлекеттік сатып алулардағы бұзушылықтарды алдын алу туралы» тақырыбында қала және аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімдеріне, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне онлайн режимде (Zoom) жүйесі арқылы семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға қала және аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімдерінің,   сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жауапты мамандары қатысты.

Семинарда жоспар бойынша салада орын алған кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бір қатар сұрақтар мен пікір алмасулар жасалды.