Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар-кеңес өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар-кеңес өткізілді

2022 жылдың 16 наурыз күні Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Алтынай Қуандыққызының төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері Козбағарова Жанар Жалғасбайқызы және Тұраров Рашид Ғаниұлының қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ҚР мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексі талаптарының сақталуы жөніндегі» тақырыбында басқарма қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.

Аталған шара барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру бойынша басқарма қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары туралы  талқыланды.

Мәжіліске қатысқан тұлғалар өздерін мазалаған сұрақтарға толыққанды жауабын алып, басқада сұрақтар бойынша өзара пікір алмасулар жасады.