Мемлекеттік сатып алу басқармасы онлайн режимде семинар-кеңес өткізді

Мемлекеттік сатып алу басқармасы онлайн режимде семинар-кеңес өткізді

Ағымдағы жылдың 15 наурызында басқарманың тауарларды сатып алу бөлімінің бас маманы Бауыржан Жұлдыз Бауыржанқызының ұйымдастыруымен Mемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде стандарттау туралы заңнаманы қолдану бойынша семинар өткізілді.

Сауда нарықтарында қазақстандық өнеркәсібін қорғау және нарықта қауіпсіз және сапалы өнімдердің болуын қамтамасыз ету мақсатында стандарттар мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, 2021 жылы сатып алу шеңберінде Қазақстан стандарттау және метрология институтімен жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды.

Семинарда тапсырыс берушілермен сатып алуды жариялау барысында жиі жіберілетін қателіктерге талдау жасалып, сұрақтарға жауап берілді.