Құқықтық оқыту

Құқықтық оқыту

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері кәсіби біліктілігін және құқықтық деңгейін арттыру бағытында 2022 жылдың 10 наурыз күні кезекті құқықтық оқыту шарасын өткізді.

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Сахиұлы Асқар «Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі бойынша» тақырыбында, ал тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бауыржан Жұлдыз Бауыржанқызы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 159 Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы бұйрығын сәйкес біртекті тауарларды және қызметтерді лоттарды біріктіру әдісімен жариялау туралы» тақырыбында құқықтық оқытулар жүргізді.

Аталған құқықтық оқыту шеңберінде басқарма қызметкерлері арасында бір қатар сұрақтар қойылып пікір алмасулар жасалды.