Барлық қолданушылардың назарына!

Барлық қолданушылардың назарына!

Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 176 бұйрығымен Келісім комиссиясының жұмысының қағидалары және Үлгілік ереже (бұдан әрі – Қағида) бекітілді.

Қағидалардың 1-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу саласындағы уәкілетті органның, оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімімен келіспеген жағдайда, Заңның 12-бабы 4-тармағының бірінші бөлімінің 2) тармақшасына сәйкес, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілгені туралы білген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ  мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы келісім комиссиясына жүгінеді.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылған әлеуетті өнім беруші жоғарыда көрсетілген мерзімде келісім комиссиясына жүгінуге құқылы.

Жоғарыда көрсетілген Қағидаларды іске асыру мақсатында, өнім берушінің келісім комиссиясына өтініш беруі, сондай-ақ тапсырыс берушінің веб-портал арқылы уәкілетті органға тиісті шешімді жіберуі үшін функционал әзірленген.

Жеткізушінің нұсқаулығын, Тұтынушының нұсқаулығын (сілтеме) мына жерден оқи аласыз.