Кезекті құқықтық оқыту шарасы өткізілді

Кезекті құқықтық оқыту шарасы өткізілді

2021 жылдың 6 қыркүйек күні облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында кезекті құқықтық оқыту шарасы өткізілді.

Басқарманың бөлім басшылары Серіков Асылхан Болатбекұлы және Сахиұлы  Асқар  «Терроризммен күрес-баршаның міндеті» сондай-ақ, «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» тақырыптарында құқықтық оқытулар жүргізді.

Аталған құқықтық оқыту шеңберінде басқарма қызметкерлері арасында бір қатар сұрақтар қойылып пікір алмасулар жасалды.