Кезекті құқықтық оқыту шарасы өткізілді

Кезекті құқықтық оқыту шарасы өткізілді

2021 жылдың 27 тамыз күні облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында кезекті құқықтық оқыту шарасы өткізілді.

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бөлім басшысы Шәмшиев Ербол Рысдаулетұлы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі туралы және тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Дәулетияр Гүлсая Бауыржанқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Сингапур тәжірибесі» бойынша тақырыптарында құқықтық оқыту жүргізді.

Сонымен қатар, облыстағы мемлекеттік сатып алуларға талдау жасау бөлімінің бас маманы Имаш Дәулет Ғабитұлы «Бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы» тақырыбында баяндама жасады.

Аталған құқықтық оқыту шеңберінде басқарма қызметкерлері арасында бір қатар сұрақтар қойылып пікір алмасулар жасалды.