Кезекті құқықтықоқытушарасы

Кезекті құқықтықоқытушарасы

2021 жылдың 16 шілде күні облыстық мемлекеттік сатып алу басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін және құқықтық деңгейін арттыру мақсатында №3 мемлекеттік сатып алу бөлімінің бөлім басшысы Сыздық Бақытжан Серікболұлы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алулар саласындағы бұзушылықтар тақырыбында және №3 мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бауыржанқызы Жұлдыз «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» Гост ISO/IEC 17025-2019 нормаларын түсіндіру тақырыбында құқықтық оқыту өткізілді.

Шара соңында қызметкерлер тақырып бойынша өзара пікір алмасып, тəжірибелеріндегі мысалдар бойынша өз тұжырымдарын білдірді.

Басқарма қызметкерлері əрдайым ізденіс үстінде болып, білімін жетілдіріп отыруын қағидат ретінде ұстанады.